Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысына сәйкес, жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру мақсатында, Меркі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Меркі ауданы бойынша 2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы" Меркі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 541 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2822 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 қарашада "Меркі тынысы-Меркенский вестник" газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген қосымшадағы кестеде "Ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемімен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс" :
1) реттік жолдары № 1, 2, 3, 4, 5 жаңа редакцияда жазылсын:
2) "Барлығы" деген жолда "150" сандары "200" сандарына ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Төленді Беделбайұлы Рысқұлбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Көпбосынов |