Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 14.02.2018 № 90 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 болып тіркелген) сәйкес Т. Рысқұлов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша өтінімді ұсыну мерзімдері айқындалсын.
2. "Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулының Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Манарбек Әміреұлы Тлеповке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж. Айтақов |
Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 303 қаулысына қосымша |
Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша өтінімді ұсыну мерзімдері
Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді – Жамбыл облысы Т. Рысқұлов аудандық әкімдігінің 21.11.2016 № 383 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
№ | Басым ауыл шаруашылығы дақылдары | Өтінімді ұсыну мерзімдерінің басталуы | Өтінімді ұсыну мерзімдерінің аяқталуы |
1. | Қант қызылшасы 1 гектарға | 20.09.2016 жыл | 10.10.2016 жыл |
2. | Қант қызылшасы 1 тоннаға | 20.10.2016 жыл | 10.11.2016 жыл |
3. | Қорғалған топырақтағы көкөніс (фермерлік үлгідегі жылыжай) | 20.10.2016 жыл | 10.11.2016 жыл |
4. | Қорғалған топырақтағы көкөніс (өнеркәсіптік үлгідегі жылыжай) | 20.10.2016 жыл | 10.11.2016 жыл |
5. | Қант қызылшасы, ашық топырақта өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдану арқылы | 20.09.2016 жыл | 10.10.2016 жыл |
6. | Қант қызылшасы 1 тоннаға, тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі жаңбырлатып суару жүйелерін қолдану арқылы | 20.09.2016 жыл | 10.10.2016 жыл |
7. | Майлы дақылдар | 20.09.2016 жыл | 10.10.2016 жыл |
8. | Дәндік жүгері, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін және өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдану арқылы | 20.09.2016 жыл | 10.10.2016 жыл |
9. | Дәндік жүгері | 20.09.2016 жыл | 10.10.2016 жыл |
10. | Көпжылдық шөп (таза егіс) | 20.09.2016 жыл | 10.10.2016 жыл |
11. | 2, 3 жылғы көпжылдық шөп | 20.09.2016 жыл | 10.10.2016 жыл |
12. | Көп жылдық шөп, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдану арқылы | 20.09.2016 жыл | 10.10.2016 жыл |
13. | Сүрлемдік жүгері | 20.09.2016 жыл | 10.10.2016 жыл |
14. | Картоп | 20.09.2016 жыл | 10.10.2016 жыл |
15. | Сүрлемдік жүгері, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдану арқылы | 20.09.2016 жыл | 10.10.2016 жыл |
16. | Күздік бидай | 28.11.2016 жыл | 09.12.2016 жыл |
17. | Жаздық арпа | 28.11.2016 жыл | 09.12.2016 жыл |
18. | Ашық топырақтағы көкөніс | 28.11.2016 жыл | 09.12.2016 жыл |