"Субсидияланатын басым ауыл аруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы" Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "16" қыркүйектегі № 303 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 21 қарашадағы № 383 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 30 қарашада № 3235 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 90 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 14.02.2018 № 90 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Т. Рысқұлов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы" Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "16" қыркүйектегі № 303 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3162 болып тіркелген) келесі толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес толықтырылсын.

      2. "Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулының Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Манарбек Әміреұлы Тлеповке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж. Айтақов

  Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 21 қарашадағы
№ 383 қаулысына қосымша

Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша өтінімдерді ұсыну мерзімдері

Басым ауыл шаруашылығы дақылдары

Өтінімді ұсыну мерзімдерінің басталуы

Өтінімді ұсыну мерзімдерінің аяқталуы

16.

Күздік бидай

28.11.2016 жыл

09.12.2016 жыл

17.

Жаздық арпа

28.11.2016 жыл

09.12.2016 жыл

18.

Ашық топырақтағы көкөніс

28.11.2016 жыл

09.12.2016 жыл


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады