"Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Шу ауданды әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 120 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 сәуірде № 3030 болып тіркелд. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 26 мамырдағы №180 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 26.05.2017 №180 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органның үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. "Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Ербол Еркінұлы Аймамбетовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Р.Дәулет

  Шу ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 28 наурыздағы
№ 120 қаулысымен бекітілген

"Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. "Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Тұрғын үй инспекциясы) жергілікті атқарушы органдардың біріңғай жүйесіне кіреді және тұрғын үй қоры саласында мемлек еттік бақылауды жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Тұрғын үй инспекциясының ведомстволары жоқ.
      3. Тұрғын үй инспекциясы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметтің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Тұрғын үй инспекциясы ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға мәртебесі бар коммерциялық емес ұйым болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Тұрғын үй инспекциясы азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Тұрғын үй инспекциясы егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Тұрғын үй инспекциясы өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Тұрғын үй инспекциясы басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. Тұрғын үй инспекциясының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері:
      Почталық индекс 081000, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Шу ауданы, Шу қаласы, Қонаев көшесі №23.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы:
      "Жамбыл облысы Шу қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы ереже Тұрғын инспекциясының құрылтай құжаты болыптабылады.
      12. Тұрғын үй инспекциясының қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
      13. Тұрғын үй инспекциясына кәсіпкерлік субъектілерімен Тұрғын үй инспекциясы функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Тұрғын үй инспекциясына заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.

      14. Тұрғын үй инспекциясының миссиясы:
      тұрғын үй қорының саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру
      болып табылады.
      15. Тұрғын үй инспекциясының міндеттері:
      1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне техникалық зерттеуді ұйымдастыру;
      2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне (ортақ пайдалану орнына) күрделі немесе ағымдағы жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін, кезеңдіктерін және кезектілігін айқындау.
      3) Кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне (ортақ пайдалану орнына) күрделі немесе ағымдағы жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландыратын шығыстадың сметасын келісу;
      4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне (ортақ пайдалану орнына) күрделі немесе ағмдағы жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу.
      16. Функциялары:
      1) кондоминиум объектісінде және үйдің маңндағы аумақтаүй-жай (пәтер) меншік иесінің ортақ мүлікті (ортақ пайдалану орнын) қолдану, күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына;
      2) тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылуды, энергияны, газды және су ресурстарын есептейтін аспаптардың бар болуына.
      3) кондоминиум объектісіндегі үй-жай меншік иелерінің ортақ мүліктің (ортақ пайдалану орнының) және оның инженрлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалық құжаттамаларға сәйкес оны күтіп-ұстау мен жөндеу бойынша жұмыстарды уақытында орындалуына;
      4) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;
      5) қабылданған шешімдерді және анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаманы орындауға;
      6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне (ортақ пайдалану орнына) күрделі немесе ағымдағы жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстың сапасына мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады.
      Тұрғын үй инспекциясы тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды), үй іргесіндегі аумақты күтіп-ұстау және коммуналдық қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі нормативтік және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысады, сондай-ақ бақыланатын объектілердің иелеріне, кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды), үй іргесіндегі аумақты пайдаланатын азаматтарға консультациялық көмек көрсетеді.
      17. Құқықтары мен міндеттері
      1) тексеру жүргізген уақытта қызметтік куәлігін көрсеткен кезде тексерілетін объектіге баруға;
      2) тексеру жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұратуға, тексеру нысанына жататын құжаттардың түпнұсқасымен танысуға;
      3) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 43-бабының 7-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жалпы жиналысына кооператив басқармасының төрағасы қызметіне кондидатура ұсынуға;
      4) тексеруді "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес жүргізуге;
      5) тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін объектінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
      6) тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге;
      7) тұрғын үй қорын күтіп-ұстау ережелерінің бұзылуы туралы актілер жасауға;
      8) Осы Тұрғын үй инспекциясы туралы ережеге қосымшаға сәйкес тұрғын үй қорын күтіп-ұстау ережелерін бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқама шығаруға құқығы бар;
      9) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау және олар туралы істерді қарау;
      10) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңында көзделген жағдайда кондоминиум объектісін басқару органынының функцияларын жүзеге асырушы қызмет көрсететін ұйымды айқындау;
      11) кондоминиум объектісі үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері өтініш берген кезде кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есептің бар-жоғын тексеруді жүргізу;

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. Тұрғын үй инспекциясына басшылықты Тұрғын үй инспекциясына жүктелген міндеттердің орндалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19.Тұрғын үй инспекциясының бірінші басшысын Шу ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Тұрғын үй инпекциясы бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
      21. Тұрғын үй инспекциясының бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) Шу аудан әкіміне тікелей бағынады.
      2) тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады;
      3) тұрғын үй инспекциясына жүктелген міндеттерді орындайды;
      4) тұрғын үй инспекциясының атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      5) мемлекеттік органдарда тұрғын үй инспекциясының мүддесін білдіреді;
      6) келісім-шарттар (келісімдер) жасасады;
      7) сенімхаттар береді;
      8) тұрғын үй инспекциясының іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік жоғарғы оқу орындарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың басқа да түрлері бойынша тәртіп пен жоспарларды бекіту;
      9) банк шоттарын ашады;
      10) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады;
      11) тұрғын үй инспекциясының қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
      12) тұрғын үй инспекциясының қызметкерлерін көтермелеу шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;
      13) тұрғын үй инспекциясының қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
      14) қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызметтерді жүзеге асырады;
      Тұрғын үй инспекциясының бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы қызметкерлердің өкілеттіліктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.
      23. Тұрғын үй инспекциясының аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
      Тұрғын үй инспекциясының әрбір инспекторында жеке мөртаңбасы болады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      24. Тұрғын үй инспекциясының заңнамадағы көрсеткен жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      Тұрғын үй инспекциясының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырады.
      25. Тұрғын үй инспекциясына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Тұрғын үй инспекциясы өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды ұйымдастыру және тарату

      27. Тұрғын үй инспекциясын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады