Балқаш, Жезқазған, Шахтинск қалаларындағы, Ақтоғай ауданының Сарышаған, Шашубай кенттеріндегі есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметті тұтыну нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 02/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 9 ақпанда № 3655 болып тіркелді

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 15 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10313 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Балқаш, Жезқазған, Шахтинск қалаларындағы Ақтоғай ауданының Сарышаған және Шашубай кенттеріндегі есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметті тұтыну нормалары бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Әбдібеков

  Қарағанды облысы
әкімдігінің 2015 жылғы
15 қаңтар
№ 02/01 қаулысына
қосымша

Балқаш, Жезқазған, Шахтинск қалаларындағы, Ақтоғай ауданының Сарышаған, Шашубай кенттеріндегі есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметті тұтыну нормалары


р/с
Тұтынушылар санаты
Жылумен жабдықтау ұйымының атауы
Өлшеу бірлігі
Мағынасы
 
1
тұтынушылар Балқаш қаласы Балқаш жылуэлектрорталығынан жылынады
"Су Жылу Транс" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Гигакалория/
шаршы метр
0,0445
 
2
тұтынушылар Балқаш қаласы Қоңырат шағын ауданы қазандығынан жылынады
Гигакалория/
шаршы метр
0,03
 
3
тұтынушылар Жезқазған қаласы Жезқазған жылуэлектрорталығынан жылынады
"Жылу және сумен жабдықтау кәсіпорны" акционерлік қоғамы
Гигакалория/
шаршы метр
0,06
 
4
тұтынушылар Шахтинск қаласы Шахтинск жылуэлектрорталығынан жылынады
Шахтинсктеплоэнерго" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Гигакалория/
шаршы метр
0,0664
 
5
тұтынушылар Ақтоғай ауданының Сарышаған кенті қазандықтарынан жылынады
"Тоқырауын Су Жылу" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Гигакалория/
шаршы метр
0,0356
 
6
тұтынушылар Ақтоғай ауданының Шашубай кенті қазандығынан жылынады
 
Гигакалория/
шаршы метр
0,0312

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады