Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына және Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 04/02 "Мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру туралы" қаулысына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. "Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.А. Кимға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сәтбаев қаласы әкімінің міндетін атқарушы |
А.А. Идрисов |
Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 05/26 қаулысымен бекітілген |
"Сәтбаев қаласының құрылыс бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің epeжеci 1. Жалпы ережелер
1. "Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылыс салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық- құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай - ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық- құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған басқа да актілерімен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, 101302, Сәтбаев қаласы, академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, 108 үй.
9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже "Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет eceбінен жүзеге асырылады.
12. "Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субьектілерімен "Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттepi, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. "Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:құрылыс салаларында мемлекетттік саясатты және тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
14. Міндеттері:
қаланың су, жылу құбырларын, тазарту қондырғыларын, электр желілерін және басқа да көліктік және инженерлік инфрақұрылым нысандарының құрылысы шараларын ұйымдастырады;
мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй салуды ұйымдастырады;
құрылыс үшін инженерлік іздестірулерді жүргізеді;
нысандардың құрылысы бойынша негіздемелерді, болжамдарды, бағдарламаларды құрады;
орнатылған тәртіпте жобалық құжаттамаларды (жобалық - сметалық) жасау, сараптамадан өткізу, келісім және бекіту жұмыстарын жүргізеді;
жаңа құрылыстарды, сонымен қатар инженерлік және транспорттық коммуникацияларды, құрылымдарды, ғимараттарды, құрылымдарды ұлғайту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, қайта құру, қалпына келтіру және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді;
абаттандыру және көгалдандыру нысандарының құрылысын және аумағын инженерлік дайындауды қамтамасыз етеді;
құрылысы аяқталмаған нысандарды консервациялау бойынша жұмыстарды жүргiзедi;
нысандардың постутилизациясы бойынша жұмыстар кешенін жүргізеді.
15. Функциялары:
мемлекеттік сатып алуға жататын жобалардың (бағдарламалардың) құрылысы қажет мердігерлік құрылыс жұмыстарына (жобалық, іздестіру, құрылыс үшін сараптама жұмыстарын қоса алғанда) тапсырыс беруші ретінде қатысу;
бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландыруы қарастырылған, заңнама тәртібімен орнатылған құрылыс нысандарының жобалары, аумақты инженерлік дайындау, көгалдандыруды және абаттандыруды, құрылысы аяқталмаған нысандарға консервациялауды жүргізудің нысандардың постутилизация бойынша жұмыстар кешенін icкe асыру;
пайдалануға берілетін нысандарды Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен қабылдау;
анықталған кемшіліктерді жою бойынша қабылданған шешімдердің және нұсқама хаттардың орындалуына бақылау жүргізу;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен арыздарын, қызметтік корреспонденцияларды қарау;
мекеме кұзыретіне кіретін сұрақтар бойынша облыстық әкімдікке, Қазақстан Республикасының Үкіметіне және тағы басқа мемлекеттік органдарға есеп беру.
16. Құқықтары мен міндеттері:
"Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардан, қалалық комитеттер мен басқармалардан, меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдардаң қажетті ақпараттарды сұрастыруға және алуға;
қала әкіміне, әкімдігіне және қалалық маслихатқа өз құзыретіне қатысты сұрақтарды шешу жөнінде ұсыныстар беруге;
облыстық және республикалық деңгейлерде шешілетін сұрақтарға байланысты сәйкес ведомстваларға ұсыныстар енгізуге;
белгіленген тәртіп бойынша құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша мекеме, ұйымдар мен кәсіпорындар басшылары мен мамандарын тарта отырып, жиналыстар өткізуге;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тексерістер жүргізуге.
3. Мемлекеттік органдарының қызметін ұйымдастыру
17. "Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.18. Қала әкімі "Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
заңнамаға сәйкес "Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
заңдарда белгіленген тәртіппен "Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі кызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
"Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі актілеріне қол кояды;
"Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі стратегиялық және ағымдық жұмыс жоспарларын бекітеді;
мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда "Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі атынан әрекет етеді;
"Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысы болатан кезеңде оның өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
20. "Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. "Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.21. "Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.