Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 30.12.2020 № 470 (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі 21 сессиясының № 197 "Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2629 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 мамырдағы "Тоқырауын тынысы" аудандық газетінің № 21 (7441) санында, 2014 жылғы 21 шілдедегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған), келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) Мүгедектер күні (қазан айының екінші жексенбісі)." ;
25 тармақ алынып тасталсын;
25–2 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"25–2. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 17 мамырдағы "Өрлеу" жобасына қатысуға арналған құжаттар нысанын бекіту туралы" № 385 бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13773 болып тіркелген).".
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы | Қ. Мұсаханов |
Аудандық мәслихат хатшысы | Р. Әбеуов |
КЕЛІСІЛДІ:
"Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының міндетін уақытша атқарушы |
Қ. Бекішева |
2016 жылғы 29 маусым