Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 24.06.2020 № 405 шешімімен (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңдарына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған "Ақтоғай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Қасымхан |
Аудандық мәслихат хатшысы | Р. Әбеуов |
Ақтоғай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 61 шешімімен бекітілген |
"Ақтоғай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы
1. Осы "Ақтоғай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленген және "Ақтоғай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру тәртібін және оның сипаттамасын анықтайды.
2. Қызметтік куәлік (бұдан әрі - куәлік) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің "Ақтоғай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінде атқаратын қызметін растайтын ресми құжат болып табылады.
3. Куәлік бір түрде жасанды теріден жасалған мұқабада көзделген.
4. Куәлік Ақтоғай аудандық мәслихаты хатшысының қолымен белгіленген тәртіпте беріледі.
5. Куәлік лауазымға тағайындалған, ауыстырылған (қайта тағайындалған), бүлінген, жоғалған, алдындағы берілген куәліктің қолдану мерзімі өткен кезде беріледі.
6. Атқарып отырған лауазымынан босатылған, қызметтен босатылған, ауыстырылған (қайта тағайындалған) кезде, қызметкерлер тиісті өкім шыққан күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде куәлікті алған жеріне тапсырады.
7. Куәліктердің берілуі мен қайтарылуын есепке алуды осы Қағидаларға 1-қосымшадағы нысан бойынша нөмірленетін және тігілетін, куәліктерді беру және қайтару журналында жүзеге асырылады.
8. Куәліктердің берілуі мен қайтарылуын есепке алуды "Ақтоғай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысы (бұдан әрі- аппарат басшысы) жүргізеді .
9. Куәліктерді есептен шығаруды және жоюды осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәліктерді есептен шығаруға және жоюға арналған тиісті актіні жасай отырып, мәслихат аппаратының басшысы жүргізеді.
10. Куәлікті жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда қызметкер үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде мәслихат аппаратының басшысына хабарлайды.
11. Куәлікті жоғалтқан адам жоғалған куәліктің жарамсыздығы туралы ақпаратты жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға жібереді.
12. Қызметтік куәлікті дұрыс сақтамау нәтижесінде болған жоғалту, бүлдіру, сондай-ақ қызметтік куәлікті басқа тұлғаларға беру, қызметтік куәлікті жеке басы үшін қызметтен тыс мақсаттарда пайдаланудың әрбір фактіні аппарат басшысы белгіленген тәртіппен қызметтік тексеру жүргізу қажеттігі тұрғысынан қарайды.
13. Көк түсті жасанды теріден жасалған мұқабадағы куәлікте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және "Куәлік" деген типографиялық шрифтегі жазбасы мемлекеттік және орыс тілінде болады. Ашылған түрінде куәліктің мөлшері 65x200 миллиметр болады. Сол жақ және оң жақ ішкі бөлігі белгіленген үлгідегі тангир торының аясында күннің астында қалықтаған бүркіт бейнеленген көгілдір түсте орындалған. Сол жақ бұрыштың сол жағында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының суреті. Сол жақ бұрыштың оң жағында фотосуретке арналған орын бар. Екі жағында да жоғарғы бөлігінде мемлекеттік және орыс тілдерінде "Ақтоғай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі деген жазу басылады, төменгі жағында куәліктің нөмірі, мемлекеттік және орыс тілдерінде тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атқаратын лауазымы мемлекеттік және орыс тілінде көрсетіледі. Екі жақ төменгі тарапында куәліктің берілген күні болады.
14. Куәліктер Ақтоғай аудандық мәслихатының хатшысы қолымен расталады және елтаңбалы мөрмен бекітіледі.
"Ақтоғай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасына 1 қосымша |
Нысан
"Ақтоғай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәліктерін беру және қайтару журналы
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Атқаратын лауазымы |
Куәлік № | Беру күні | Куәлік берілген қызметкердің қолы |
Тапсыру күні |
Куәлікті тапсырған қызметкердің қолы |
Ескертпе: журнал тігілген, нөмірленген болуы тиіс.
"Ақтоғай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасына 2 қосымша |
Нысан
Ұйымның атауы
АКТІ
__________________ ________________ №________
жасалу орны күні
Біз, төменде қол қойғандар (кемінде 3 қызметкер, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), атқаратын лауазымын көрсету керек), "Ақтоғай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасының 9-тармағының негізінде қызметкерлерді есептен шығаруға және жоюға жиналған практикалық маңызын жоғалтқан куәліктерін зерделеп: жұмыстан босатуға, басқа қызметке ауысуға байланысты __________ тізімге сәйкес:
Оларды есептен шығару және жою бойынша осы актіні жасады:
Лауазымның атауы Қолы
Лауазымның атауы Қолы
Лауазымның атауы Қолы