Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 қазандағы V сессиясының № 48 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 қазанда № 4015 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 417 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 30.12.2020 № 417 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 10000 (он мың) теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек берілсін.

      2. Әлеуметтiк көмек аудандық бюджетте тиiстi қаржы жылына осы мақсаттарға қарастырылған қаражат шегiнде Ұлытау ауданында тiркелген және тұрақты тұратын азаматтарға көрсетiлетiнi белгiленсiн.

      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Сессия төрағасы А. Бейсембаев
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Т. Сейтжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады