Ұлытау ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету және мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 417 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 12 қаңтарда № 6153 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарына сәйкес, Ұлытау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ұлытау ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету және мөлшерін белгілеу қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Ұлытау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 қазандағы № 48 "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4015 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 қазандағы № 44-45 (6068) "Ұлытау өңірі" газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 04 қарашасында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Ташенов
      Мәслихат хатшысы Т. Сейтжанов

  Ұлытау аудандық
мәслихатының
2020 жылғы 30
желтоқсандағы
№ 417
шешіміне 1 қосымша

Ұлытау ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету және мөлшерін белгілеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарына сәйкес әзірленді және Ұлытау ауданы бойынша ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің (әрі қарай – әлеуметтік қолдау) тәртібін және мөлшерін анықтайды.

      2. Әлеуметтік қолдауды тағайындауды мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының бірінші басшыларымен бекітілген жинақ тізім негізінде уәкілетті орган – "Ұлытау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

2-тарау. Әлеуметтік қолдауды көрсету тәртібі мен мерзімдері

      3. Әлеуметтік қолдауды алу үшін кент, ауыл және ауылдық округ әкімдері Ұлытау ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының бірінші басшыларымен бекітілген мамандарының тізімін, қызметті алушылардан өтініштерін сұратпай келесі құжаттарымен ұсынады:

      1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі (кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің мөрімен расталған);

      2) жұмыс орнынан анықтама (лауазымы көрсетіліп);

      3) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда дербес шоты бар екенін растайтын құжат.

      4. Әлеуметтік қолдауды көрсетуден бас тартуға негіз болады:

      1) 3 тармақта көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы;

      2) мәліметтердің жалған болуы немесе берілген құжаттардың сәйкес келмеуі.

      5. Мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандары бірнеше қызметтерді қатар атқарған жағдайда, атқаратын тек бір лауазымы бойынша ғана әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

      6. Кент, ауыл және ауылдық округ әкімдіктері уәкілетті органға құжаттарды тапсырған уақыттан бастап әлеуметтік қолдау көрсетуге құжаттарды өңдеу мерзімі – 15 (он бес) күнтізбелік күн.

      Уәкілетті орган ағымдағы жылдың тамыз айынан желтоқсан айына дейін тізімдер бойынша құжаттарды қабылдауды жүргізеді.

      Әлеуметтік қолдауды көрсету нәтижесі – қаржыландыру жоспарына сәйкес жылына бір рет жүргізілетін төлем.

      7. Ұлытау ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау мөлшері бюджет қаражаты есебінен 10 (он) айлық есептік көрсеткіш.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады