Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, Приозерск қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік түріне және меншіктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарда қызметкерлердің тізімдік санынан пайызбен көрсеткенде қосымшаға сәйкес мүгедектер үшін 2%-дан 4%-ға дейінгі көлемде жұмыс орындары квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Ә. Қазиеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Қ. Камзин |
Приозерск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қарашадағы № 45/1 қаулысына қосымша |