Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, Приозерск қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік түріне және меншіктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарда қызметкерлердің тізімдік санынан пайызбен көрсеткенде қосымшаға сәйкес мүгедектер үшін 2%-дан 4%-ға дейінгі көлемде жұмыс орындары квотасы белгіленсін.
2. Приозерск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қарашадағы № 45/1 "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылдың 5 желтоқсанында № 4033 тіркелген, 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 57/481 "Приозерский вестник" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Ә. Қазиеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Қ. Камзин |
Приозерск қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 16 наурыздағы № 11/70 қаулысына қосымша |
Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі
№ | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны | Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан) | Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны |
1. | "Қоммуналдық тұрғын үйлерді қайта қалыптастыру басқармасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны | 237 | 3 | 7 |
2. | "Приозерск қаласының "Достық" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны | 77 | 2 | 2 |