"Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 489 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 қыркүйектегі № 587 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 05 қазанда № 5609 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 cәуірдегі Заңының 26-бабына және "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Қызылорда облысы әкімдігі қаулысының жобасына келісім беру туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 1 маусымдағы № 35 шешіміне сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 489 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5557 нөмірімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2016 жылғы 16 шілдеде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р.Р. Рүстемовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы "22" қыркүйек
№ 587 қаулысына қосымша
  Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы 15 маусымдағы
№ 489 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын, ауылдық жерде тұратын және жұмыс істейтін арнайы білімі бар мәдениет және өнер, архив ісі және құжаттама саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық жөніндегі басшысының орынбасарларынан басқа).
      2. Көркемдік жетекшісі; бас: қор сақтаушы, редактор, режиссер, балетмейстер, дирижер, хормейстер, суретші.
      3. Әдеби-драмалық, режиссерлық, музыкалық, көркемдік қойылым, педагогикалық бөлімдерінің; өндірістік шеберхана, әдістемелік кабинет, қалпына келтіру шеберханасы, кітапхана, зертхана, архив қоймасының; кітапхана, музей филиалдарының меңгерушісі (басшысы); сектор басшысы.
      4. Ғылыми қызметкерлер (бас, жетекші, аға, кіші).
      5. Мамандар (жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ): аккомпаниатор, аккомпаниатор-концертмейстр; барлық атаудағы әртістері; музейлер қорын есепке алу архивисті; археограф (негізгі қызметтер); балетмейстер; библиограф; кітапханашы; дирижер; дыбыс режиссері; барлық атаудағы инженер (негізгі қызметтер); кинорежиссер; мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер); барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер); музыкалық жетекші; палеограф; режиссер; қоюшы-режиссер; хормейстер; қор сақтаушы; барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер); экскурсовод; археолог; режиссер ассистенті; арт-менеджер; тарихшы (негізгі қызметтер); өнертанушы; продюсер; редактор (негізгі қызметтер); хореограф; архивист; суретші-реставратор.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады