"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қызылорда облыстық ономастикалық комиссиясының 2015 жылғы 12 желтоқсандағы № 4 қорытындысына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе бөлігіне өзгерістер енгізілді - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 11.04.2024 № 52-қ бірлескен қаулысы және Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 11.04.2024 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Арал қаласының мына көшелері мен тұйығы:
1) Н.Гоголь көшесін Қазыбай Қошқаровтың есімімен;
2) М.Кутузов көшесін Махамбетали Жарымбетовтың есімімен;
3) Ш.Уәлиханов тұйығы Дабыл Сахиевтың есімімен қайта аталсын.
2. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арал ауданы әкімінің | Арал аудандық мәслихатының |
міндетін атқарушы | кезектен тыс қырық алтыншы |
сессиясының төрағасы | |
М. Оразбаев | А. Бөлекбаев |
Арал аудандық | |
мәслихатының хатшысы | |
К. Данабай |