Көшені қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Жалағаш кенті әкімінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 10 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 24 наурызда № 5417 болып тіркелді

      “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және “Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 12 желтоқсандағы № 4 қорытындысына сәйкес Жалағаш кенті әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жалағаш ауданы, Жалағаш кентінің "Жастар" көшесі "Мүбарак Тәйтіков" есімімен қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3.Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
      Жалағаш кентінің әкімі Қ. Құлмахан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады