“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. “Жалағаш ауданы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тізіміне қосу үшін субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 қазандағы № 203 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5628 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 қазанда “Жалағаш жаршысы” газетінде және 2016 жылғы 31 қазанда “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш ауданының әкімі | Т. Дүйсебаев |