Жалағаш ауданы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тізіміне қосу үшін субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 04 қазандағы № 203 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 қазанда № 5628 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 268 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 14.12.2016 № 268 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және “Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министірінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 19 шілдедегі № 317 бұйрығына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жалағаш ауданы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тізіміне қосу үшін субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша өтінімді ұсыну мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары А.Дәрібаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жалағаш ауданының әкімі Т. Дүйсебаев

  Жалағаш ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 4 қазандағы
№ 203 қаулысына қосымша

Жалағаш ауданы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тізіміне қосу үшін субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша өтінімді ұсыну мерзімдері

№ р/с
Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрі
Өтінім ұсыну мерзімдері
1
2
3
1
Күріш
25 тамыздан 01 қарашаға дейін
2
Мақсары
25 тамыздан 01 қарашаға дейін
3
Ағымдағы жылғы жоңышқа
25 тамыздан 01 қарашаға дейін
4
Өткен жылғы жоңышқа
25 тамыздан 01 қарашаға дейін
5
Картоп
25 тамыздан 01 қарашаға дейін
6
Көкөніс
25 тамыздан 01 қарашаға дейін
7
Бақша
25 тамыздан 01 қарашаға дейін

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады