Көшені қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Аққыр ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы N 2 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 ақпанда N 5345 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңдарына, Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 12 желтоқсандағы № 4 қорытындысына сәйкес Жалағаш ауданы Аққыр ауылдық оркугінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жалағаш ауданы Аққыр ауылдық округі Аққыр ауылындағы "Мектеп" көшесі "Нұрылда Таспенов" есімімен қайта аталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аққыр ауылдық округінің әкімі Ж. Матаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады