Көшені қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімінің 2016 жылғы 23 қарашадағы N 15 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 желтоқсанда N 5676 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 3 қорытындысына сәйкес Жалағаш ауданы Мақпалкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жалағаш ауданы Мақпалкөл ауылдық округі Мақпалкөл ауылындағы "Ә.Оңалбаев" көшесі "Мақсұт Нұрылдаев" есімімен қайта аталсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Мақпалкөл ауылдық округі әкімі Б.Тұңғышбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады