"Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Жаңақорған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы №343 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 тамыздағы № 01-01-03/49 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 09 қыркүйекте № 5595 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 01-01-03/86 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 23.12.2016 № 01-01-03/86 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Жаңақорған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы ХLІХ сессиясының № 343 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5305 нөмірімен тіркелген, аудандық "Жаңақорған тынысы" газетінде 2016 жылғы 6 ақпандағы №10 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
      3-тармақтың 10) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "10) уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы - "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" департаменті Жаңақорған аудандық бөлімшесі;";
      18-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "18. Орта білім алғаннан кейін "Бакалавр" академиялық дәрежесін алу үшін, жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған "Магистр" академиялық дәрежесін алу үшін және Қазақстан Республикасының медициналық білім және ғылым ұйымдарында резидентурада медицина кадрларын дайындау үшін, өңірге қажет мамандықтар бойынша, әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал тобы қатарынан, күндізгі оқыту нысаны бойынша білім алатын студенттерге оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмек аудан жастарына тағайындалады.
      Студенттерге әлеуметтік көмек жергілікті бюджет қаражаты есебінен, жылына бір рет оқу орнының білім беру қызметінің құны шегіндегі төлемдерді және тамақтану мен тұру шығындарын өтеуге көрсетіледі.";
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жаңақорған аудандық Жаңақорған аудандық
      мәслихатының кезектен тыс мәслихатының хатшысы
      V сессиясының төрағасы
      А. Қыстаубаева Е. Ильясов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қызылорда облысының жұмыспен
      қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
      бағдарламалар басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      М.Делмұханов_____________
      "26" тамыз 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады