Көшелерге атау беру туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 192 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 26 қаңтарда № 5709 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің 2017 жылғы 10 шілдедегі № 96 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің 10.07.2017 № 96 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 3 қорытындысына сәйкес Тереңөзек кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сырдария ауданы, Тереңөзек кентіндегі:

      1) № 1 көшеге "Зал Мырзахметов" есімі;

      2) № 2 көшеге "Алдаберген Бисенов" есімі;

      3) № 3 көшеге "Ыбырай Сейпулов" есімі;

      4) атауы жоқ көшеге "Садық Райымов" есімі берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тереңөзек кенті әкімінің орынбасары А.Ұзақбаевқа жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Тереңөзек кентінің әкімі Ж. Сыздықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады