"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 3 қорытындысына сәйкес Тереңөзек кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сырдария ауданы, Тереңөзек кентіндегі:
1) атауы жоқ көшеге "Алдаберген Бисенов" есімі;
2) атауы жоқ көшеге"Зал Мырзахметов" есімі;
3) атауы жоқ көшеге"Ыбырай Сейпулов" есімі;
4) атауы жоқ көшеге"Садық Райымов" есімі берілсін.
2. "Көшелерге атау беру туралы" Тереңөзек кенті әкімінің 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 192 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5709 болып тіркелген, 2017 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тереңөзек кенті әкімінің орынбасары А.Ұзақбаевқа жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Тереңөзек кентінің әкімі | Ж.Сыздықов |