Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 28.02.2019 № 31 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (А.К. Рзаханов) осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы А.К. Рзахановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Айдарбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Маңғыстау облысы
әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
А.К. Рзаханов
"14" наурыз 2016 жыл
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
2016 жылғы "14" наурыздағы | |
№ 70 қаулысымен бекітілген |
"Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер
1. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Маңғыстау облысы әкімдігінің және әкімінің қызметiн ұйымдық-құқықтық, ақпараттық-талдау және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
2. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Маңғыстау облысы әкімінің аппараты басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130000, Ақтау қаласы,14 шағын аудан, 1 үй.
9. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде: "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение "Аппарат акима Мангистауской области".
10. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Маңғыстау облысының әкімдігі болып табылады.
11. Осы Ереже "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер облыстық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
14. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
15. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған Маңғыстау облысы әкімдігінің және әкімінің қызметін қамтамасыз ету болып табылады.
16. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері Маңғыстау облысының әкімдігі мен әкімінің қызметін қамтамасыз ету болып табылады.
17. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Маңғыстау облысы әкімдігінің регламентiн сақтауды қамтамасыз ету;
облыс әкімдігінің отырыстарында қарау үшін тоқсан сайынғы мәселелердің тізбесін дайындау;
облыстық басқармалар мен жергілікті атқарушы органдардың әзірлеген облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі шешімдері мен өкімдерінің жобаларын құқықтық сараптау;
Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің, Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі мен Премьер-Министрінің актілері мен тапсырмаларының, әкімдік қаулылары мен хаттамалық тапсырмаларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалу барысы туралы облыс әкімін жүйелі түрде хабардар етіп отыру, олардың орындалуына бақылауды қамтамасыз ету;
облыс әкімдігінің отырыстарын, облыс әкімі мен оның орынбасарлары өткізетін кеңестерін, кездесулер мен сапарларын, басқа да іс-шараларын ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;
облыс әкімдігінің отырысына құжаттарды дайындау;
қалалық және аудандық атқарушы органдарының қызметін үйлестіру, олардан Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен өкімдерінің, облыс әкімдігі қаулыларының және облыс әкімі шешімдерінің орындалуы туралы ақпаратты уақытылы алу;
облыс әкімінің бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысын қамтамасыз ету;
облыс әкімінің қызметін құқықтық жағынан қамтамасыз етуге және өзге де мәселелерін шешуге қатынасу;
облыстағы әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы жұртшылық пікірін зерделеу және экономика мен қоғамдық өмірдегі жағымсыз құбылыстарды қорыту және оның алдын алу мен еңсеру жөнінде ұсыныстар дайындау;
облыс әкімі тағайындайтын лауазымдар тізбесіне кіретін кадрлардың сапалық құрамына және қозғалысына талдау жүргізу;
кадрлар оқуын, даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыру;
қызметтік құжаттарды қарау;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
азаматтарды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн, оның iшiнде "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерiн жеке қабылдауды ұйымдастыру;
облыс әкімдігі мен әкімінің қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету және қызмет көрсету, іс қағаздарын жүргізу, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес әкімдікке келіп түсетін хат-хабарларды өңдеу;
орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының терроризм профилактикасы, сондай-ақ терроризмге қарсы комиссия арқылы тиісті аумақта терроризм салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметін үйлестіру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі мемлекеттік аудитты жүзеге асыру.
18. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз функцияларын жүзеге асыру үшін өз құзыреті шегінде:
мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдардан және жеке тұлғалардан облыс әкімдігі мен әкімінің, "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпарат, құжаттар мен өзге де материалдарды сұратуға және алуға;
"Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізуге;
облыстық басқармалар мен жергілікті атқарушы органдардың әзірлеген облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларына құқықтық сараптауды жүзеге асыруға;
оқшауланған мүлікке жедел басқару құқығына ие болуға;
мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иеленуге және жүзеге асыруға;
құрылтайшы құжаттарда қаралған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға қаражаттар пайдалануға;
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
19. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
20. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын екі орынбасары болады.
22. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы өз өкілеттілігін іске асыру мақсатында мынадай функцияларды орындайды:
"Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мақсаттарды іске асыруды ұйымдастырады;
өз құзыреті шегінде "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі бөлімдерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
"Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат кестесін, оның бөлімдері туралы ережені бекітеді;
"Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіндегі "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;
"Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешеді;
өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
облыстың жергілікті атқарушы және өкілді органдары қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылайды;
Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
23. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
24. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды орындау үшін оның құрамында бөлімдер құрылады.
Бөлімдер осы Ереженің және аппарат басшысының бұйрығымен бекітілетін бөлімдер туралы ережелердің негізінде іс-қимыл жасайды.
4. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
25. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.
"Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
26. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
28. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысымен жүргізіледі.
29. Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркеледі.
6. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
30. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
"Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
"Тілдерді оқыту, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
"Маңғыстау облысы әкімдігінің Іс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
____________________________________