Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 5 ақпандағы № 14/216 "Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру Қағидалары туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 6/67 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 4 қаңтарда № 3234 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 5 ақпандағы № 14/216 "Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру Қағидалары туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2364 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 12 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      "Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру Қағидасында 4 тармақ алынып тасталсын.

      2. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бас инспектор А. Ерболов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы О. Қазақбаев
      Облыстық
      мәслихат хатшысы Б. Жүсіпов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау облысының

      ішкі саясат басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      З.Т. Есбергенова

      "_8_" __12__2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады