Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2015 жылдың 08 мамырдағы № 560 "Қылмыстық– атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 353 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 05 тамызда № 3115 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 15 мамырдағы № 242 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 15.05.2017 № 242 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Жаңаөзен қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жаңаөзен қаласының әкімдігінің 2015 жылдың 08 мамырдағы № 560 "Қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 02 маусымда № 2734 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының кіріспе бөлігіндегі (кіріспедегі) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңының "2001 жылғы 23 қаңтардағы" күні "2016 жылғы 06 сәуірдегі" күніне өзгертілсін;

      2. "Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы (Б. Маркашова):

       осы қаулының Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н. Худибаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Е. Әбілов

      КЕЛІСІЛГЕН:

      "Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту

      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Б.Э.Маркашова

      "15" шілде 2016 жыл.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады