РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2013 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңдарына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарақия ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 шілдедегі №147 "Қарақия ауданының аумағында сайлау өткізу кезеңінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайларды беру туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2275 болып тіркелген, "Қарақия" газетінде 2013 жылғы 25 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
бүкіл мәтін бойынша "село", "селосы", "селолық" деген сөздер тиісінше "ауыл", "ауылы", "ауылдық" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. "Қарақия ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (А.Таубаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкімнің міндетін атқарушы | Қ. Беков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қарақия аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
Атагараев Дуйсенбай Айткалиевич
"25" шілде 2016 жыл.