Қарақия ауданының аумағында сайлау өткізу кезеңінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негіздегі үй-жайларды беру туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 05 шілдедегі № 147 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 19 шілдеде № 2275 тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 262 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 13.12.2017 № 262 қаулысымен(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28 бабының 4 тармағына және "Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы" 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қарақия ауданының аумағында сайлау өткізу кезеңінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізде үй - жайлар берілсін.

      2. "Қарақия ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Р.Джулбаев):

      1) қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізілуін;

      2) қаулының интернет - ресурста орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Тәжібаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А.Дауылбаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қарақия аудандық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      Д.Атагараев

      09 июля 2013 жыл

  2013 жылғы 05 шілдедегі № 147
Қарақия ауданы әкімдігінің қаулысына
қосымша

Қарақия ауданының аумағында сайлау өткізу кезеңінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізде берілетін үй-жайлар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 21.11.2016 № 313 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ауыл, ауылдық округтердің атауы

Кездесу өткізілетін орын

Мекен-жайы, телефоны

Құрық ауылы

Құрық ауылындағы №1 орта мектебі

Құрық ауылы, 1 шағын аудан, 1 үй 8(72937) 2-15-00

Мұнайшы ауылы

Мұнайшы ауылының мәдениет үйі

Мұнайшы ауылы, Салтанат шағын ауданы, 8 үй 8(72937) 28-37-3

Жетібай ауылы

Жетібай орталық кітапханасы

Жетібай ауылы, Жаңақұрылыс көшесі, 8(72937) 26-0-23

Сенек ауылы

Күржіманұлы атындағы орта мектебі

Сенек ауылы, С.Мәтіков көшесі, 9 үй
8(72937) 31-3-21

Бостан ауылдық округі

Қарақұдық орта мектебі

Бостан ауылы, 106 үй 8(72937) 61-1-07

Құланды ауылдық округі

Құланды орта мектебі

Құланды ауылы, М.Өскімбайұлы көшесі, 54 үй 8(72937) 71-0-10

Болашақ ауылдық округі

Теміржол вокзалы

Болашақ ауылы, 8(72959) 42-1-20


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады