Түпқараған ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № 38 "Түпқараған ауданы бойынша барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу және оларды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 08 шілдедегі № 128 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 тамызда № 3126 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына сәйкес,Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № 38 "Түпқараған ауданы бойынша барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу және оларды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандыру туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-6-131 болып тіркелген, 2011 жылғы 2 наурыздағы № 13-14 (441-442) "Ақкетік арайы" газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
      мемлекеттік тілдегі 1 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын:
      "1. Түпқараған ауданы бойынша барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар №1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.";
      көрсетілген қаулыға №1 қосымша, осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының талаптары сақтала отырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау учаскелері туралы сайлаушылар хабардар етілсін.
      3. "Түпқараған ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Г. Демеуова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Алтынгалиевке жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Т.Асауов

      "КЕЛІСІЛДІ":
      Түпқараған аудандық сайлау
      комиссиясының төрағасы
      А.Қуанбай
      "08" шілде 2016 жыл.

  Түпқараған ауданы әкімдігінің
  2016 жылғы "8" шілдедегі №128
  қаулысына қосымша

Түпқараған ауданы бойынша барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар 1. Стендтер, тақталар:

      Форт-Шевченко қаласы бойынша:
      1) "Азаматтарға арналған Үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалы – "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің Түпқараған аудандық бөлімшесі ғимаратының маңы;
      2) "Қазақстан Халық банкі" ашық акционерлік қоғамы Маңғыстау облысындағы филиалының Түпқараған аудандық бөлімшесі ғимаратының маңы;
      3) қалалық теміржол кассасы ғимаратының маңы (ескі автобекет);
      4) "Нұрай" дүкенінің маңы (Түпқараған ауданы әкімдігінің "Түпқараған электр жүйесі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимаратына қарама-қарсы).
      Баутин ауылы бойынша:
      1) Маңғыстау облысының білім басқармасының "Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының сол жағы;
      2) "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының филиалы – Маңғыстау облыстық телекоммуникациялар дирекциясының Түпқараған аудандық телекоммуникациялар торабының ауылдық бөлімшесі ғимаратының маңы (почталық байланыстың ауылдық бөлімшесінің ғимараты);
      3) "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының Баутин филиалы ғимаратының маңы.
      Баутин ауылы Аташ елді мекені бойынша:
      1) "Түпқараған аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесінің "Аташ кітапханасы" бөлімшесі ғимаратының маңы.
      Ақшұқыр ауылы бойынша:
      1) "Қазпочта" акционерлік қоғамының Маңғыстау облыстық филиалының почталық байланыстың ауылдық бөлімшесі ғимаратының маңы;
      2) Түпқараған ауданы әкімдігінің "Ақшұқыр мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының маңы;
      3) "Малика" қосқабатты дүкенінің маңы;
      4) шаруашылық жүргізу құқығымен Түпқараған ауданы әкімдігі жанындағы "Коммуналдық қызмет" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимаратының маңы.
      Таушық ауылы бойынша:
      1) "Таушық ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі және "Қазпочта" акционерлік қоғамының Маңғыстау облыстық филиалының почталық байланыстың ауылдық бөлімшесі ғимаратының ортасы;
      2) "Таушық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мен "Таушық" ауыл шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кеңсесінің ортасы.
      Сайын Шапағатов ауылдық округі бойынша:
      1) "Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының маңы;
      2) Сайын Шапағатов ауылдық округінің фельдшер-акушерлік пункті ғимаратының маңы;
      3) "№1 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының маңы.

2.Тұғырлар:

      Форт-Шевченко қаласы бойынша:
      1) Ақтау қаласы жағынан кіреберістегі автожолының екі қапталы;
      2) Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Түпқараған орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының аудандық емханасы ғимаратының маңы.
      Баутин ауылы бойынша:
      1) Түпқараған ауданының әкімі аппараты "Ақбота" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының маңы;
      2) "Достық" қонақ үйінің маңы.
      Баутин ауылы Аташ елді мекені бойынша:
      1) Әліби Жангелдин көшесіндегі №1 қосқабатты тұрғын үйдің маңы.
      Қызылөзен ауылы бойынша:
      1) "Ақтаукоопсауда" дүкенінің маңы.
      Таушық ауылы бойынша:
      1) "Таушық ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының маңы.
      Сайын Шапағатов ауылдық округі бойынша:
      1) "№1 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының маңы.
      Ақшұқыр ауылы бойынша:
      1) "Азаматтарға арналған Үкімет" мемлекеттік корпорациясы" комерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалы- "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің Түпқараған аудандық бөлімшесінің Ақшұқыр секторы ғимаратының маңы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады