Түпқараған ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 тамыздағы № 154 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 09 қыркүйекте № 3148 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 маусымдағы № 100 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 29.06.2018 № 100 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 230 "Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №10966 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11148 болып тіркелген) сәйкес, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Түпқараған ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары бекітілсін.

      2. "Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Д. Шалабаева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Алтынғалиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т. Асауов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика

      министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау

      комитетінің Маңғыстау облысы тұтынушылардың

      құқықтарын қорғау департаментінің Түпқараған аудандық

      тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы"

      республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Саралтаев Бердибек Куантканович

      "12" 08 2016 жыл.

      "Маңғыстау облысының ішкі істер департаменті

      Түпқараған ауданының ішкі істер бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің бастығы

      Муханбетқалиұлы Нұрсұлтан

      "12" 08 2016 жыл.

      "Түпқараған аудандық жер қатынастары,

      сәулет және қала құрылысы бөлімі"

      мемлекеттік мекемесі басшысының

      міндетін атқарушы

      Кулдашев Жанибек Едигеевич

      "12" 08 2016 жыл.

      "Түпқараған аудандық кәсіпкерлік

      және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік

      мекемесі басшысының міндетін атқарушы

      Шалабаева Дарига Бакытовна

      "12" 08 2016 жыл.

      "Түпқараған аудандық тұрғын үй - коммуналдық

      шаруашылығы, жолаушылар көлігі және

      автомобиль жолдары бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Қайнарбаев Жансейт Исаханұлы

      "12" 08 2016 жыл.

  Түпқараған ауданы әкімдігінің
  "12" тамыз 2016 жылғы
  № 154 қаулысына қосымша

Түпқараған ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Сауда орындарының орналасқан жері

Сауда орындарының түрі

Сауда орындарының саны

Сауда орындарының көлемі (шаршы метр)

Форт-Шевченко қаласы

Орталық базардың сол жағы

автодүкендерденжәне шатырлардан

4

36

"Қарлығаш" дүкеніне қарама –қарсы автокөлік жолынан 0,5 метр

шатырлардан

4

36

Баутин ауылы

"Тілек" дүкенінің оң жағындағы автокөлік жолынан 0,5 метр

автодүкендерденжәне шатырлардан

4

48

"Толғанай" дүкенінің оң жағындағы автокөлік жолынан 5 метр

автодүкендерденжәне шатырлардан

2

24

"Терминал" қонақ үйінің сол жағындағы автокөлік жолынан 2 метр

автодүкендерденжәне шатырлардан

2

24

Баутин ауылының Аташ елді мекені

"Бердіқожа" дүкенінің сол жағындағы автокөлік жолынан 2 метр

автодүкендерденжәне шатырлардан

2

24

"Іңкәр" дүкенінің оң жағындағы автокөлік жолынан 2 метр

автодүкендерденжәне шатырлардан

4

48

Ақсамбаев көшесіндегі №8 үйдің оң жағындағы автокөлік жолынан 5 метр

автодүкендерденжәне шатырлардан

5

60

Амангелді көшесіндегі балалар ойын алаңының оң жағындағы автокөлік жолынан 5 метр

автодүкендерденжәне шатырлардан

2

24

"Каспий" дүкенінің сол жағындағы автокөлік жолынан 30 метр

автодүкендерденжәне шатырлардан

2

24

Қызылөзен ауылы

Форт-Шевченко қаласынан 26 шақырым Ақтау-Форт-Шевченко автокөлік тасжолының бойынан

шатырлардан

6

54

"Ақтаукоопсауда" дүкенінің батыс жағындағы автокөлік жолынан 2 метр

шатырлардан

2

18

Ақшұқыр ауылы

Ақтау-Форт-Шевченко автокөлік тасжолының бойындағы "Тана" газ құю бекетінің оң жағынан 20 метр

шатырлардан

1

12

"Қыдырша" аялдамасына қарама-қарсы Ақтау- Форт-Шевченко автокөлік тас жолынан 20 метр

шатырлардан

1

12

"Мерей" дүкенінің алды тігін шеберханасының сол жағынан 20 метр

шатырлардан

1

12

Әлқуат Қожабергенов көшесіне қарама-қарсы бала-бақшасының алдынан 2 метр

шатырлардан

1

12

"Кенже" шағын маркетінің сол жағынан 25 метр

шатырлардан

1

12

Әлқуат Қожабергенов көшесіндегі №20 үйден 10 метр

шатырлардан

1

12

Ақшұқыр мектеп-лицейіне қарама-қарсы 10 метр

шатырлардан

1

12

"Жеменей" дүкенінің оң жағынан 5 метр

шатырлардан

1

12

№488 учаскеге қарама-қарсы 15 метр

шатырлардан

1

12

Сайын Шапағатов ауылдық округі

Сайын Шапағатов ауылдық округі ішіндегі автокөлік тас жолынан Б. Мейров және Н.Есетов көшелерінің қиылысында

шатырлардан

4

48

Таушық ауылы

"Таушық ауыл шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулігі серіктестігі цехының алды Түмен Балтабасұлы көшесіндегі автокөлік жолынан 5 метр

шатырлардан

1

12


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады