Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17/111 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер және толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2016 жылғы 03 қазандағы № 5/41 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 01 қарашада № 3164 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 50/369 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 10.12.2020 № 50/369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 10 бабының 3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 215 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысының 5 тармағына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17/111 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2330 болып тіркелген, 2014 жылғы 15 қаңтарда "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгерістер және толықтыру енгізілсін:

      Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасында:

      1 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексіне, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы", 1997 жылғы 16 маусымдағы "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы", 1999 жылғы 5 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2008 жылғы 29 желтоқсандағы "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 "Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11745 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.;

      3 тармақта:

      8) тармақша келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "8) уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған Үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалы - "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" департаментінің (бұдан әрі - Орталық) Түпқараған аудандық бөлімшесі;";

      9) тармақша алынып тасталсын;

      10 тармақта:

      1) тармақша келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) 21-23 наурыз - Наурыз мейрамы:

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, бірінші және екінші дәрежедегі "Ана даңқы" орденімен марапатталғандарға - 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш;

      барлық топтың мүгедектеріне, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;";

      4) тармақшаның төртінші абзацы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "барлық топтың мүгедектеріне, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;";

      6) тармақша келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "6) 6 қазан - Қазақстан Республикасының мүгедектер күні:

      барлық топтың мүгедектеріне, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;";

      7) тармақша келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "7) 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі:

      барлық топтың мүгедектеріне, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;";

      8) тармақша келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "8) 1 маусым - Балаларды қорғау күні:

      он алты жасқа дейiнгi мүгедек балаларға және он алтыдан он сегіз жасқа дейiнгi бiрiншi, екiнші, үшiншi топтағы мүгедек балаларға - 5 (айлық) есептік көрсеткіш;";

      9) тармақша келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "9) 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні:

      барлық топтың мүгедектеріне, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;";

      10) тармақша алынып тасталсын;

      11 тармақта:

      6) тармақша келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "6) ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттен қарастырылған қаражат шегінде, жылына бір рет білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне төлеуге арналған нақты шығындарын және ай сайын тамақтану мен жатақ шығындарын ішінара жабу үшін 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі әлеуметтік көмек:

      табысын есепке алмай және мамандық таңдауға шектеу қоймай, Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында оқитын бiрiншi, екiнші топтағы мүгедек студенттерге;

      өтініш жасаған айдың алдындағы 12 айда жан басына шаққанда, Маңғыстау облысы бойынша 1,5 еселік ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен орташа табысы бар отбасылардағы келесі санаттағы студенттерге:

      ауданның денсаулық сақтау, білім беру, агроөнеркәсіптік кешені, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет , спорт және туризм мемлекеттік мекемелерінің сұранысына сай білікті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында бакалаврдың академиялық деңгейін алу үшін күндізгі бөлімде немесе медициналық жоғарғы оқу орындарында интернатурада оқитын студенттерге;

      ата-анасының біреуі немесе екеуі де бірінші, екінші топтағы мүгедек немесе екеуі де зейнеткер студенттерге;

      ата-анасының біреуі қайтыс болған студенттерге;

      бірге тұратын кәмелеттік жасқа толмаған кемінде төрт және одан да көп баласы бар отбасындағы бір студентке;

      тұл жетім немесе балалар үйінде және балалар ауылында тәрбиеленуші студенттерге көрсетіледі.".

      23 тармақ алынып тасталсын;

      келесідей мазмұндағы 26-1 тармақпен толықтырылсын:

      "26-1. Әлеуметтік көмек екінші дәрежелі банктер немесе сәйкес келетін банктік операциялар жасауға лицензиясы бар ұйымдар арқылы ақшалай түрде алушылардың есепшоттарына аудару арқылы ұсынылады.".

      Ескерту. 1 тармаққа өзгеріс енгізілді- Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 02.10.2020 № 48/356 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Түпқараған аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (А.Ізбен) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түпқараған аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы А.Берішбаева) жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А.Нәбиев
      Аудандық мәслихат хатшысы А.Досанова

      "КЕЛІСІЛДІ"
"Түпқараған аудандық жұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Г.Берішбаева
3 қазан 2016 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
"Түпқараған аудандық экономика
және қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысының

      міндетін атқарушы

      А.Исатаева

      3 қазан 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады