Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуді субсидиялау бағыты бойынша субсидиялар нормативін, сондай-ақ өлшемдері мен талаптарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 242 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 16 маусымда № 6448 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 28 наурыздағы № 152 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.03.2017 № 152 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9987 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуді субсидиялау бағыты бойынша субсидиялар нормативі, сондай-ақ өлшемдері мен талаптары бекітілсін.
      2. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 314 "Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуді субсидиялау бағыты бойынша субсидиялар нормативін, сондай-ақ өлшемдер мен талаптарын бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5848 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 қыркүйекте "Қостанай таңы" газетінде жарияланған).
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қостанай
облысының әкімі
А. Мұхамбетов

  Әкімдіктің
2016 жылғы 23 мамырдағы
№ 242 қаулысымен бекітілген

Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуді субсидиялау бағыты бойынша субсидиялар нормативі, сондай-ақ өлшемдері мен талаптары

      1. Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуді субсидиялау бағыты бойынша субсидия нормативі – бір ұрықтандырылған аналық бас үшін 4673 теңге.
      2. Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуді субсидиялау бағыты бойынша өлшемдері мен талаптары:
      Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер тізілімінде техник-осеменатор, дистрибьютерлік орталық, асыл тұқымдық орталық ретінде тіркелген жеке және заңды тұлғалардың (жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі өнім берушілердің) бар болуы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады