"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығымен бекітіліген, Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуді субсидиялау бағыты бойынша субсидиялар нормативі , сондай-ақ өлшемдер мен талаптар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Садуакасов |
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
_________________ А. Мамытбеков
Әкімдіктің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 314 қаулысымен бекітілген |
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара
малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру
жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуді
субсидиялау бағыты бойынша субсидиялар
нормативі, сондай-ақ өлшемдер мен талаптар
1. Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуді субсидиялау бағыты бойынша субсидия нормативі – бір ұрықтандырылған аналық бас үшін 3487 теңге.2. Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуді субсидиялау бағыты бойынша өлшемдер мен талаптар:
- Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер тізілімінде техник-осеменатор, дистрибьютерлік орталық ретінде тіркеудің болуы.