1. Мемлекеттік жалға берілетін үйлердегі коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері:
1) Арқалық қаласы, Маясова көшесі № 25 үй мекен-жайы бойынша жалпы алаңның 1 (бір) шаршы метрі үшін 59,36 теңге көлемінде;
2) Арқалық қаласы, Маясова көшесі № 27 үй мекен-жайы бойынша жалпы алаңның 1 (бір) шаршы метрі үшін 59,38 теңге көлемінде;
3) Арқалық қаласы, Абай даңғылы № 90 үй мекен-жайы бойынша жалпы алаңның 1 (бір) шаршы метрі үшін 78,16 теңге көлемінде белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің коммуналдық мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Ғ. Бекмұхамедов |