Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн анықтау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 129 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 мамырда № 6404 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 наурыздағы № 58 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 29.03.2018 № 58 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1.Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2.Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары экономика мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      3.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қантардан пайда болған қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі Е. Жаманов

      Денисов аудандық
      мәслихатының хатшысы
      _________ А. Мұрзабаев

  Денисов ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 3 мамырдағы
№ 129 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

      1) аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;

      2) үйде қызмет көрсету бөлімінің басшысы;

      3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

      4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

      5) жұмыспен қамту орталығының маманы;

      6) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      7) жасы 18-ден асқан мүгедек балаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

      2. Білім беру саласындағы мамандарының лауазымдары:

      1) жалпы білім беретін мектеп, арнайы түзету ұйымдары мен барлық үлгідегі және түрдегі интернаттық ұйымдардың, қосымша білім беру ұйымының директоры;

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      3) дене тәрбиесінің жетекшісі (білім беру ұйымдарында);

      4) алғашқы әскери даярлық басшысы;

      5) жалпы білім беретін мектептердін, мектеп – интернаттардың және басқа да бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарындағы директордың, оқу, оқу-өңдірістік, оқу-тәрбие, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;

      6) барлық мамандықтар мұғалімдері;

      7) тілдері мүкіс балалармен жұмыс істейтін мұғалім;

      8) әлеуметтік педагог;

      9) педагог-ұйымдастырушы;

      10) кеміс балалармен жұмыс істейтін мұғалім (дефектолог);

      11) қосымша білім педагогы;

      12) педагог-психолог;

      13) аға тәрбиеші, тәрбиеші (білім беру ұйымдарында);

      14) музыкалық жетекшісі;

      15) оқу орнының аға тәлімгері;

      16) оқу-тәрбие, оқу-өндірістік қызметімен тікелей айналысатын дене тәрбиесінің нұсқаушысы;

      17) оқу-өндірістік (оқу) шеберхана меңгерушісі (білім беру ұйымдарында);

      18) зертхана, кабинет меңгерушісі;

      19) емдәм бикесі;

      20) білім беру ұйымдарының әдіскері, аға әдіскер (жоғары оқу орындарынан басқа);

      21) өндірістік оқыту шебері;

      22) аға шебер;

      23) медициналық персонал;

      24) кітапханашы;

      25) кітапхана меңгерушісі;

      26) алғашқы әскери даярлық оқытушы-ұйымдастырушысы.

      27) көркемдік жетекші;

      28) мәдени ұйымдастырушы.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 03.08.2017 № 161 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2017 бастап туындаған қатынастарға таратылады).

      3. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары:

      1) директор;

      2) директордың орынбасары;

      3) хормейстер, концертмейстер;

      4) барлық атаудағы техниктер;

      5) кітапханашы, библиограф;

      6) мәдени ұйымдастырушы;

      7) аккомпаниатор;

      8) көркемдік жетекші;

      9) хореограф;

      10) әдістемеші;

      11) барлық атаудағы суретші;

      12) музыкалық жетекші.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 03.08.2017 № 161 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2017 бастап туындаған қатынастарға таратылады).
      4. Спорт саласындағы мамандарының лауазымдары:
      қосымша білім беру ұйымының директоры;
      білім беру ұйымдары филиалының ғылыми, оқу, оқу-әдістемелік, оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі директорының (басшының) орынбасары;
      медициналық персонал;
      оқыту қызметімен тікелей айналысатын жөніндегі спорт жаттықтырушы оқытушы, спорт жөніндегі аға жаттықтырушы-оқытушы;
      5) спорт мектебінің нұсқаушысы, нұсқаушы-әдіскері;
      5. Ветеринария саласындағы мамандарының лауазымдары:
      1) ветеринариялық дәрігері;
      2) ветеринариялық фельдшер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады