Денисов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 129 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 3 тамыздағы № 161 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 тамызда № 7174 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 наурыздағы № 58 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 29.03.2018 № 58 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабы 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Денисов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 129 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6404 болып тіркелген, 2016 жылдың 6 маусымында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасындағы:

      2 тармақ мынадай тармақшалармен толықтырылсын:

      "27) көркемдік жетекші;

      28) мәдени ұйымдастырушы.";

      3 тармақ мынадай тармақшалармен толықтырылсын:

      "11) барлық атаудағы суретші;

      12) музыкалық жетекші.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Денисов ауданының әкімі Е. Жаманов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Денисов аудандық

      мәслихатының хатшысы

      _____________ А. Мурзабаев

      2017 жылғы 3 тамыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады