Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленген мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 наурыздағы № 58 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 20 сәуірде № 7720 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 15 мамырдағы № 89 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 15.05.2020 № 89 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабы 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Денисов ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленген мамандар лауазымдарының тiзбесi, қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Күші жойылды деп танылсын:

      1) Денисов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 129 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн анықтау туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6404 болып тіркелген, 2016 жылдың 6 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) Денисов ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 3 тамыздағы № 161 "Денисов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 129 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн анықтау туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7174 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкiне жарияланған).

      3. "Денисов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Денисов ауданының әкімі Б. Нұрғалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Денисов аудандық

      мәслихат хатшысы

      ________________ А. Мұрзабаев

      2018 жыл "29" наурыз

  2018 жылғы "29" наурыздағы
№ 58 әкімдіктің қаулысына
қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру,бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленген мамандар лауазымдарының тiзбесi

      Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) ауданның халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесіннің және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның басшысының орынбасары;

      3) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

      4) әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші;

      5) жұмыспен қамту орталығының (қызметтің) құрылымдық бөлімшесінің маманы,

      6) арнайы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен анықтау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      7) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      8) психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балаларды және 18 жастан асқан мүгедектері күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      9) әлеуметтік жұмыс бойынша маман;

      Білім саласындағы мамандардың лауазымдары:

      10) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның басшысы (шағын жиынтықты мектеп, мектепке дейінгі ұйымнан, әдістемелік,психологиялық-әдістемелік-педагогикалық консультация кабинеттерінен басқа);

      11) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның: шағын жиынтықты мектептің, мектепке дейінгі білім беру ұйымның, әдістемелік кабинетінің (орталығының), психологиялық - педагогикалық түзету кабинетінің басшысы;

      12) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның басшысының орынбасары (шағын жиынтықты мектеп басқа);

      13) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның: шағын жиынтықты мектеп басшысының орынбасары;

      14) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының барлық мамандықтарының мұғалімдері, оның ішінде мұғалім-логопед, бастапқы әскери дайындықты ұйымдастырушы оқытушы;

      15) тәлімгер;

      16) тәрбиелеуші;

      17) әдіскер (негізгі қызметтердің);

      18) дене тәрбиесі бойынша нұсқаушысы (негізгі қызметтердің);

      19) музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің);

      20) қосымша білім беру педагогі;

      21) педагог-психолог;

      22) әлеуметтік педагог;

      23) мейірбике (мейіргер);

      24) емдәмдік мейірбике;

      25) кітапхана басшысы (меңгеруші);

      26) кітапханашы;

      27) хореограф (негізгі қызметтердің);

      28) мәдени ұйымдастырушы;

      Мәдениет саласы мамандарының лауазымдары:

      29) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің, коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      30) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің, коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорыннің басшының орынбасары;

      31) кітапхана меңгерушісі;

      32) аккомпаниатор;

      33) библиограф;

      34) кітапханашы;

      35) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

      36) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

      37) музыкалық жетекші;

      38) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның көркемдік жетекші;

      39) хореограф;

      40) дыбыс режисері;

      41) барлық атаудағы инженер (негізгі қызметтер);

      42) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      43) қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің мұғалімдері;

      Спорт саласы мамандарының лауазымдары:

      44) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның басшысы;

      45) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның басшысының орынбасары;

      46) (мамандандырылған) медициналық бике/аға;

      47) тренер;

      48) тренер-оқытушы;

      49) әдіскер;

      Ветеринария саласы мамандарының лауазымдары:

      50) ветеринарлық дәрігер;

      51) ветеринарлық фельдшер;

      Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:

      52) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары;

      53) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын құрылымдық бөлімше бөлімшенің басшысы, клиникалық және параклиникалық бөлімшелерінің меңгерушілері

      54) барлық мамандықтағы дәрігерлер;

      55) акушер;

      56) диеталық мейіргер;

      57) тіс дәрігері (дантист);

      58) тіс технигі;

      59) мейіргер;

      60) қоғамдық денсаулық сақтау маманы (статистик);

      61) зертханашы (медициналық);

      62) провизор (фармацевт);

      63) психолог маман;

      64) рентген зертханашысы;

      65) әлеуметтік қызметкер;

      66) фельдшер;

      67) медициналық тіркеуші.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады