Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 16.09.2020 № 442 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Жітіқара ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында қоса беріліп отырған жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидалары бекітілсін.
2. Мәслихаттың 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 394 "Жітіқара ауданының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6161 болып тіркелген, 2016 жылғы 04 ақпанда "Авангард" газетінде жарияланған)
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
Жітіқара аудандық | |
мәслихатының хатшысы | А. Кабиев |
"Жітіқара ауданы әкімідігінің ішкі саясат
бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының
уақытша міндетін атқарушы
___________ Мамырова А.С.
Мәслихаттың 2016 жылғы 01 шілдедегі № 44 шешімімен бекітілген |
Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзуді қосымша реттеу туралы қағидалары
1. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы ауданның жергiлiктi атқарушы органға өтiнiш берiледi (бұдан әрі – Жітіқара ауданының әкімдігі).
2. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiштерді еңбек ұжымдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген топтарының он сегiз жасқа толған уәкiлдерi бередi.
3. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiш оны өткiзудiң белгiленген датасынан кемiнде 10 күн бұрын жазбаша нысанда берiледi. Өтiнiште шараны өткiзу мақсаты, нысаны, өткiзiлетiн жерi немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкiлдердiң (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртiптiң сақталуына жауапты адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты, олардың тұратын және жұмыс iстейтiн (оқитын) жерi, өтiнiштiң берiлген датасы көрсетiледi. Өтiнiштiң берiлген мерзiмi оның Жітіқара ауданының әкімдігінде тiркелген күнiнен бастап есептеледi.
4. Жітіқара ауданының әкімдігі өтiнiштi қарайды және өтiнiште көрсетiлген шараның өткiзiлетiн уақытынан кемiнде бес күн бұрын уәкiлдерге (ұйымдастырушыларға) қабылданған шешiм туралы хабарлайды.
5. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу туралы өтініш беру кезінде осы Қағидалардың 3-тармағының талаптары сақталмаған жағдайда Жітіқара ауданның әкімдігі жіберілген бұзушылықтарды жаңа өтініш беру жолымен жоюды ұсына отырып, түсіндіру мазмұнындағы ресми жауап қайтарады. Жаңа өтінішті қарау мерзімі оның тіркелген күнінен бастап есептеледі.
6. Жітіқара ауданының әкімдігі басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауiпсiздiктi, сондай-ақ көлiктiң, инфрақұрылым объектiлерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiн, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда, өтiнiш жасағандарға шараны өткiзудiң өзге уақыты мен жерiн ұсынады.
7. Жиналыстар және митингілер өткізу орындары осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
8. Шерулер мен демонстрациялар өткізу маршруттары осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
9. Жиналыстар, митингiлер, шерулер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.
10. Жиналыстарды, митингiлерде, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтау қажет.
11. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:
1) көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;
2) елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;
3) Жітіқара ауданының әкімдігінің рұқсатынсыз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;
4) шараны өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуші мемлекеттік органдар өкілдерінің қызметіне кез келген нысанда араласуына;
5) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;
6) өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;
7) алкогольдік және есірткілік масаң күйде қатысуға жол берілмейді.
12. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу орындарында:
1) алкогольдік ішімдіктер ішуге, есірткі заттарды, психотропты заттарды, соған ұқсас прекурсорларды пайдалануға;
2) мазмұны қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға бағытталған, сондай-ақ қорлайтын транспаранттарды, ұрандарды, басқа да материалдарды (визуалды, аудио/бейне) пайдалануға, сондай-ақ көпшілік сөз сөйлеулерді қолдануға жол берілмейді.
13. Пикеттер өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.
14. Қоғамдық тәртіпті және пикет қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:
1) түрлі дара пикеттердің қатысушыларына анық көрініп тұрып орналасу қажет;
2) Жітіқара ауданының әкімдігі бір күні және бір уақытта, бір объектіде үштен аспайтын дара пикет өткізуге рұқсат бере алады;
3) пикет өткізу кезінде пикет өткізілетін объектінің алдында орналасуға, көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға, пикеттің тақырыбы бойынша қысқа ұрандар, құлақтандырулар айқайлауға рұқсат етіледі.
15. Пикет жалғастырудың өзге нысаны (митинг, жиналыс, шеру, демонстрация) айқындалған жағдайда белгіленген тәртіппен Жітіқара ауданының әкімдігінен рұқсат алу қажет.
16. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар егер:
- өтiнiш берiлмеген болса;
- тыйым салу туралы шешiм шығарылса;
- оларды өткізу кезінде "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабында көзделген тәртiп бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн, қоғамдық тәртiп бұзылатын жағдайда Жітіқара ауданының әкімдігі өкілінің талабы бойынша тоқтатылады.
17. Жітіқара ауданының әкімдігі өкiлiнiң заңды талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату жөнiнде қажеттi шаралар қолданады.
18. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап бередi.
19. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды өткiзу кезiнде оларға қатысушылардың азаматтарға, қоғамдық бiрлестiктерге, мемлекетке келтiрген материалдық залалы үшін заңмен белгiленген тәртiп бойынша өтем жасалуға тиiс.
20. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткiзу кезінде, оның ішінде қоғамдық тәртiптi сақтау, үй-жайлар беру, санитарлық тазарту, жарық беру және техникалық қамсыздандыру жөніндегі барлық қосымша шығындарды оларды ұйымдастырушылар өтейдi.
Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларына 1-қосымша |
Жітіқара ауданы аумағындағы жиналыстар және митингілер өткізу орындары
№ р/с | Жітіқара ауданы аумағындағы жиналыстар және митингілер өткізу орындары |
|
Жітіқара қаласы: |
Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларына 2-қосымша |