1. 2016 жылға арналған өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша Жітіқара ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Жітіқара ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 253 "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын, өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-10-143 болып тіркелген, 2010 жылғы 24 маусымда "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 5 мамырдан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Жітіқара | |
ауданының әкімі | А. Ибраев |
Әкімдіктің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 221 қаулысына қосымша |