Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Заңының 5 бабы 3 тармағы 3) тармақшасына сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын, өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері белгіленсін:
бидай, арпа, сұлы – 14 мамырдан 5 маусымға дейін;
рапс, зығыр, күнбағыс – 15 мамырдан 5 маусымға дейін;
нут – 10 мамырдан 30 мамырға дейін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.А. Алиферецке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жітіқара | |
ауданының әкімі | Қ. Испергенов |