"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің экономика, қаржы, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және құрылыс мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарасу ауданы әкімінің | |
міндетін атқарушы | Т.Бекмағанбетов |
Әкімдіктің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 283 қаулысына қосымша |
Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар
№ р/с | Өлшемшарттардың атауы | Иеліктен айыру түрлері |
1 |
Жекешелендіру объектісін әрі қарай бақылауға мемлекеттің мүддесінің болмауы; | Сауданы аукцион нысанында өткізу |
2 |
Заңнамамен белгіленген мерзімдерде жекешелендіру объектісін сатудан бюджетке ақшалай қаражатты алу қажеттілігі; | Сауданы тендер нысанында өткізу |
3 | Сенімгерлік басқарудың, сенімгер басқарушымен, жалға алушымен (жалдаушымен) кейін сатып алу құқығымен мүліктік жалға (жалдауға) беру шартының талаптарын орындау үшін мемлекеттің бақылауын белгілі бір уақыт ішінде сақтау қажеттілігі. | Тікелей атаулы сату |