Қарасу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 283 "Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін тандау жөніндегі өлшемшарттар анықтау туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 16 қаңтардағы № 1 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 17 қаңтарда № 10359-10 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарасу ауданы әкімдігінің "Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін тандау жөніндегі өлшемшарттар анықтау туралы" 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 283 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6738 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Қарасу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) аумақтық әділет органында осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу ауданының әкімі К. Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады