Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 01.10.2019 № 310 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 19 -1- бабы 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Меңдіқара ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төраймы | В. Кожуховская |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Қ. Арықов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Меңдіқара ауданының тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_______________Н. Гулаков
2016 жылғы 13 желтоқсан
Мәслихаттың 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 64 шешіміне қосымша |
Меңдіқара ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объекті | Есептік бірлік | Жылдық жинақталу нормасы, м3 |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,37 |
2 | Жатақханалар, интернаттар | 1 орын | 1,3 |
3 | Қонақ үйлер | 1 орын | 1,35 |
4 | Балабақшалар | 1 орын | 1,2 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,57 |
6 | Емхана | 1 адам | 0,59 |
7 | Ауруханалар, санаторий, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,7 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,17 |
9 | Дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 орын | 1,29 |
10 | Концерт залы | 1 орын | 0,32 |
11 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,2 |
12 | Азық-түлік дүкендері | Сауда алаңы 1 м2 | 0,6 |
13 | Өнеркәсіптік дүкендер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,55 |
14 | Базар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,4 |
15 | Көтерме базар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,16 |
16 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,5 |
17 | Автомобильді жуу орындары, автомобильге жаңармай құю станциялары, гараждар | 1 машина-орын | 1,0 |
18 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,57 |
19 | Шаштараздар | 1 жұмыс орны | 1,2 |
20 | Тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 1,2 |
21 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 1,5 |