Облыстық мәслихаттың (V сайланған ХХХIV сессиясы) 2014 жылғы 20 тамыздағы "Амбулаториялық емделу кезінде дәрі-дәрмектерді қосымша ұсыну туралы" № 287/34 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық мәслихатының 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 26/2 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 06 мамырда № 5109 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 маусымдағы № 236/22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 14.06.2018 № 236/22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Облыстық мәслихаттың (V сайланған ХХХIV сессиясы) 2014 жылғы 20 тамыздағы "Амбулаториялық емделу кезінде дәрі-дәрмектерді қосымша ұсыну туралы" № 287/34 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекттік тіркеу тізілімінде № 4020 болып тіркелген және 2014 жылғы 16 қыркүйекте "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      1-ші тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Азаматтардың жеке санаттарына амбулаториялық емделу кезінде облыстық бюджет қаражаты есебінен тегін дәрі-дәрмек құралдары, бейімделген емдік өнімдері қосымша ұсынылатын болсын:

      эпилепсия ауруына шалдыққандар үшін - "Кеппра" (Леветирацетам) препараты;

      "муковисцидоз ауруына шалдыққандар үшін - "Колистин" (Колистиметат), "Тоби" (Тобрамицин) препараты, "Нутрикомп дринк плюс" мамандандырылған емдік тағамы;

      алғашқы иммунодефицит ауруына шалдыққандар үшін – "Имукин" интерферон гамма-1 рекомбинанттық препараты".".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихатының әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Терентьев
      Облыстық мәслихат хатшысы В. Берковский

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады