Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 28.12.2018 № 1374/27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 31.10.2016 № 1139/28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Тапсырыс берушілерге Павлодар қаласы бойынша мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай ұйымдастырушысы болып "Павлодар қаласы құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі айқындалсын.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекеттік сатып алулардың ұйымдастырылуы мен өткізілуі бойынша бірыңғай ұйымдастырушымен орындалатын бюджеттік бағдарламалар, тауарлар мен жұмыстар, қызметтер айқындалсын.
3. Тапсырыс берушілер, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тапсырыс берушілердін Қазақстан Республикасының қолданыстағы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуге қажетті құжаттарды мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте мыналарды қамтамасыз етсін:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
осы қаулының Павлодар қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орнатылуын.
5. "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі және Павлодар қаласы әкімінің аппараты осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қолдансын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қаласының әкімі | Б. Бақауов |
Павлодар қаласы әкімдігінің 2016 жылғы "19" ақпандағы № 176/3 қаулысына қосымша |
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді
бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік
бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 07.02.2017 № 146/5 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ р/с | Атауы |
1 | Жанар - жағармай материалдарын (бензинді) сатып алу бойынша конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу |
2 | Сатып алуға бөлінген лоттың (жоспар тармағының) сомасы он мың еселік айлық есептік көрсеткіштен асқан жағдайда, бірақ тиісті қаржы жылына белгіленген жүз мың еселік айлық есептік көрсеткіштен артық емес болса тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу |
3 | Қалалық атқарушы органдардың бюджеттік инвестициялық жобаларын іске асыруды көздейтін бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу |