Павлодар қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы" № 176/3 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 1139/28 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 қарашада № 5278 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 1374/27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 28.12.2018 № 1374/27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы" № 176/3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 14 наурызда № 4992 болып тіркелді, 2016 жылғы 18 наурызда № 11 "Регион KZ" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының мемлекеттік тілдегі кіріспеде "алулар" сөзі "алу" сөзіне ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркегеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      осы қаулының Павлодар қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі және Павлодар қаласы әкімінің аппараты осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімінің орынбасары А.Б. Балашовқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қаласының әкімі Н. Әшімбетов

  Павлодар қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 31 қазандағы
№ 1139/28 қаулысына
қосымша
  Павлодар қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 19 ақпандағы
№ 176/3 қаулысына
қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді
бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік
бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер

№ р/с

Атауы

1.

Қалалық атқарушы органдардың бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды көздейтін бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу

2.

Қалалық атқарушы органдармен көзделген коммуналдық меншік объектілерін салу, қайта жаңғырту, күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша "Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын жобалар бойынша конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады