Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 1374/27 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 қаңтарда № 6219 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2019 жылғы 4 шілдедегі № 810/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 04.07.2019 № 810/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тапсырыс берушілерге Павлодар қаласы бойынша мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай ұйымдастырушысы болып Павлодар қаласы әкімдігінің "Павлодар қаласы мемлекеттік сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі айқындалсын.

      2. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік сатып алулардың ұйымдастырылуы мен өткізілуі бойынша бірыңғай ұйымдастырушымен орындалатын бюджеттік бағдарламалар мен тауарлар, жұмыстар, қызметтер айқындалсын.

      3. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Павлодар қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      4. Павлодар қаласы әкімдігінің "Павлодар қаласы мемлекеттік сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. У. Бейсекинге жүктелсін.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қаласының әкімі Ә. Күмпекеев

  Павлодар қаласы
әкімдігінің 2018
жылғы "28" желтоқсандағы
№ 1374/27 қаулысына
1-қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы
орындайтын бюджеттік бағдарламалар мен тауарлар, жұмыстар, қызметтер

р/с №

Атауы

1

Техникалық-экономикалық негіздемені жүргізу жұмыстарын мемлекеттік сатып алу. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу

2

Сатып алуға бөлінген лоттың (жоспар тармағының) сомасы жеті мың еселік айлық есептік көрсеткіштен асқан жағдайда, бірақ тиісті қаржы жылына белгіленген жүз мың еселік айлық есептік көрсеткіштен артық емес болса тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу

3

Қалалық атқарушы органдардың бюджеттік инвестициялық жобаларын іске асыруды көздейтін бюджеттік даму бағдарламары шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу

  Павлодар қаласы
әкімдігінің 2018
жылғы "28" желтоқсандағы
№ 1374/27 қаулысына
2-қосымша

Павлодар қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы" № 176/3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4992 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 наурызда "Регион.kz" газетінде жарияланған);

      2. Павлодар қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 31 қазандағы "Павлодар қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы" № 176/3 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 1139/28 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5278 болып тіркелген, 2016 жылғы 3 желтоқсанда "Звезда Прииртышья", "Сарыарқа Самалы" газеттерінде жарияланған);

      3. Павлодар қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 7 ақпандағы "Павлодар қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы" № 176/3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 146/5 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5369 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 ақпанда "Звезда Прииртышья", "Сарыарқа Самалы" газеттерінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады