Павлодар қаласы әкімінің 2015 жылғы 2 наурыздағы "Павлодар қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" № 3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімінің 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 9 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 қазанда № 5251 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 23-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 2-тармағына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихатының 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 16/2 шешімі және Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 1 қаулысы "Павлодар облысының кейбір көшелерін қайта атау туралы" негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Павлодар қаласы әкімінің 2015 жылғы 2 наурыздағы "Павлодар қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" № 3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4327 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 наурызда № 24 "Звезда Прииртышья" газетінде, 2015 жылғы 3 наурызда № 24 "Сарыарқа самалы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің қосымшасында барлық мәтін бойынша "Дерибас" деген сөзі "Құдайберген Сұрағанов" деген сөздеріне ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімінің аппарат басшысы Б. Т. Байжановқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Н. Әшімбетов
      КЕЛІСІЛДІ:
      Павлодар қалалық
      аумақтық сайлау
      комиссиясының төрағасы А. Маржықбаев
      2016 жылғы "20" қыркүйек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады