Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 23.05.2018 № 130-26-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 17 мамырдағы "Өрлеу" жобасына қатысуға арналған құжаттар нысанын бекіту туралы" № 385 бұйрығына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ертіс аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 сәуірдегі "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ертіс ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 12-3-6 шешіміне (2016 жылғы 28 мамырдағы "Ертіс нұры" және "Иртыш" газеттерінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5128 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ертіс ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
екінші және үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 17 мамырдағы "Өрлеу" жобасына қатысуға арналған құжаттар нысанын бекіту туралы" № 385 бұйрыққа (бұдан әрі - Бұйрық) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13773 тіркелген) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Өрлеу" жобасына қатысу үшін әңгімелесу нәтижелері бойынша әңгімелесу парақшасы ресімделеді.
Өтініш беруші "Өрлеу" жобасына қатысуға өтініш береді және Бұйрыққа 2, 3-қосымшаларына сәйкес келесідей құжаттарды қоса бере отырып, "Өрлеу" жобасына қатысушы өтініш берушінің отбасылық және материалдық жағдайы туралы сауалнама толтырады:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) Бұйрыққа 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш беруші отбасының құрамы туралы мәліметтер;
3) отбасы мүшесіне қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат (қажет болған жағдайда);
4) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат немесе мекенжай анықтамасы немесе ауылдық округ әкімінің анықтамасы;
5) Бұйрыққа 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы мәліметтер.
Өтініш беруші өтініш білдірген кезде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті және (немесе) он сегіз жасқа дейiнгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны алушы болып табылған, сондай-ақ оларда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкін болған жағдайда 3), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
1), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар:
ауылдық округ әкіміне өтініш білдірген кезде - салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттар түпнұсқада өтініш берушіге қайтарылады;
уәкілетті органға өтініш білдірген кезде – түпнұсқада ұсынылады, олар сканерленеді және өтініш берушіге қайтарылады, ал электрондық құжаттар уәкілетті орган қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
2), 5) тармақшаларында көрсетілген үміткер толтыратын құжаттар түпнұсқада ұсынылады.
Уәкілетті орган құжаттардың электрондық көшірмелері мен мәліметтердің сапасын және олардың өтініш беруші ұсынған түпнұсқаларына сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Өтініш беруші тиісті құжаттарды ұсынғаннан кейін оның қатысуымен уәкілетті органның қызметкері үміткердің және отбасы мүшелерінің жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша Бұйрыққа 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік ақпараттық жүйелерге сұрау салуды қалыптастырады.
Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар сұратылатын мәліметтерді растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде уәкілетті орган "Өрлеу" жобасының қатысушысына шартты ақшалай көмек тағайындауға арналған өтінішті Бұйрыққа 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша журналға тіркейді, содан кейін өтініш берушіге құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар үзбелі талон беріледі.
Уәкілетті орган немесе ауылдық округ әкімі құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде іс макетін қалыптастырады және "Өрлеу" жобасына қатысуға үміткер өтініш берушінің материалдық жағдайын зерттеп-қарауды жүргізу үшін учаскелік комиссияларға береді.
Учаскелік комиссиялар құжаттар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушінің материалдық жағдайын зерттеп-қарауды жүргізеді, Бұйрыққа 8, 9-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша учаскелік комиссияның "Өрлеу" жобасына қатысуға өтініш берушінің материалдық жағдайын зерттеп-қарау актісін және өтініш берушінің "Өрлеу" жобасына қатысуға учаскелік комиссия қорытындысын жасайды және учаскелік комиссия қорытындысын уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне береді.
Ауылдық округ әкімі өтініш берушілердің құжаттарын учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса, олар қабылданған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға береді.
Уәкілетті орган ауылдық округ әкімінен немесе учаскелік комиссиядан құжаттарды алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде өтініш беруші ұсынған өтініштің, құжаттардың электрондық көшірмелері бар өтініш берушінің электрондық іс макетін қалыптастырады, отбасының әрбір мүшесіне шартты ақшалай көмектің айлық мөлшерін айқындайды.";
бірінші және екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Өтініш берушімен Бұйрыққа 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты жасасылады.
Әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмегін алу құқығын белгілегеннен кейін уәкілетті орган өтініш берушіні және (немесе) оның отбасы мүшелерін көмек көрсетудің жеке жоспарын осы Бұйрыққа 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әзірлеуге және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасауға шақырады. Әлеуметтік келісімшарты жасасу күні Бұйрыққа 12-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шартты ақшалай көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды және шартты ақшалай көмек тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, өтініш берушіге Бұйрыққа 13-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Өрлеу" жобасы бойынша шартты ақшалай көмек тағайындаудан бас тарту туралы (себептерін көрсете отырып) хабарлама жібереді.";
бесінші бөлігінде:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"отбасында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын басқа да еңбекке қабілетті мүшелер болған кезде отбасының еңбекке қабілетті мүшесі жеті жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекті, өзге адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж қарттарға күтімін жүзеге асыру.";
сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты екі данада жасалады, оның біреуі өтініш берушіге Бұйрыққа 14-қосымшасына сәйкес нысанын "Өрлеу" жобасы бойынша тіркеу журналына қол қойғызып беріледі, екіншісі отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасасқан органда сақталады.";
26-тармағы мынадай мазмұндағы 6), 7), 8), 9) тармақшаларымен толықтырылсын:
"6) алушының банк шоты бойынша үш айдан астам қозғалыс болмаған;
7) жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі өтіп кеткен;
8) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы ұсынатын хабарсыз кеткен, іздестіріліп жатқан адамдар фактісі, оның ішінде "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан анықталған;
9) қамқоршылықтан (қорғаншылықтан) босатылған және шеттетілген адамдар туралы түскен мәліметтер.";
28-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" немесе "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.";
Қағидаларға 1-қосымшасында:
5) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"ең аз мөлшерде зейнетақы, жәрдемақы тағайындалған және еңбек өтілі толық емес кезінде зейнетақы алатын зейнеткерлік жасқа толған тұлғалар;".
2. Қағидаларға 2, 3, 4, 5, 6-қосымшалары алынып тасталсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б. Шингисов |
Ертіс аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Б. Шингисов |