Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 26.06.2019 № 1-03/160 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес бюджеттік қаражатты оңтайлы, тиімді жұмсау мақсатында Лебяжі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Лебяжі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 наурыздағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 53/3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5012 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 сәуірде "Аққу үні - Вести Акку" аудандық газетінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы мынадай мазмұндағы 3-жолмен толықтырылсын:
" | 3. | "Жұмыспен қамту жол картасы 2020" шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілмен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар | ". |
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің экономикалық және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Жанғазинов |