Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 наурыздағы (V сайланған ХХХ сессиясы) № 1/30 "Май ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2016 жылғы 28 маусымдағы № 5/4 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 шілдеде № 5170 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 2/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 16.04.2021 № 2/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 наурыздағы № 1/30 "Май ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3748 тіркелген, 2014 жылдың 12 сәуірінде аудандық "Шамшырақ" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      Май ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі депутаттық тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Қ. Кәрімов
      Аудандық мәслихатының хатшысы Ғ. Арынов

  Май аудандық мәслихатының
(VІ сайланған ІV (кезекті)
сессиясы) 2016 жылғы 28
маусымдағы № 5/4 шешіміне
қосымша
  Май аудандық мәслихатының
2014 жылғы 13 наурыздағы
№ 1/30 шешімімен
бекітілген

Май ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидалары

      1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес әзірленді (бұдан әрі - ҮҚ).

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      2) арнайы комиссия - өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Павлодар облысының статистикалық органдары есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы - отбасының жиынтық табысының отбасының әрбір мүшесіне айына келетін үлесі;

      6) орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;

      7) өмірлік қиын жағдай - азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, оны ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      8) уәкілетті орган - "Май ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекеме;

      9) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      10) учаскелік комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Май ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      11) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі - ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      4. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын) көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:

      1) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;

      2) 9 мамыр - Жеңіс күні;

      3) 1 қазан - Халықаралық қарттар күні;

      4) қазанның екінші жексенбісі - Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні.

      7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Павлодар облысының ЖАО бекіткен ережелері негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының
тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің
мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      8. Әлеуметтік көмек Май ауданының аумағында тұрақты тұратын келесі азаматтардың санаттарына ұсынылады:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне (бұдан әрі - ҰОС);

      2) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан ҰОС қатысушыларға теңестiрiлген адамдар, атап айтқанда:

      2-1) екiншi дүние жүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары;

      2-2) басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап айтқанда: бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;

      2-3) 1986 - 1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар;

      3) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан ҰОС мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар, атап айтқанда:

      3-1) Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары;

      4) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттары, атап айтқанда:

      4-1) қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерi (күйеулерi);

      4-2) ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар;

      5) 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталмаған адамдар;

      6) ең төмен мөлшердегі зейнетақы немесе жәрдемақы алатын зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар, атап айтқанда:

      6-1) жалғыз басты және жалғыз тұратын зейнеткерлер;

      6-2) 80 және одан да жоғары жасқа жеткен зейнеткерлер;

      7) мүгедектер, атап айтқанда:

      7-1) 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;

      7-2) 1 топтағы мүгедектер;

      7-3) 2 топтағы мүгедектер;

      7-4) қәмелеттік жасқа толмаған баласы (балалары) бар мүгедектер;

      7-5) арбаға таңылған мүгедектер;

      8) табысы облыс бойынша белгіленген күнкөріс деңгейінен аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасыларының жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттері, жетім балалар және ата-анасының қорғауынсыз қалған балалар;

      9) аз қамтамасыз етілген азаматтар, атап айтқанда:

      9-1) уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркеуінде тұрған, табысы белгіленген күнкөріс деңгейінен аспайтын жұмыссыз азаматтар;

      9-2) бас бостандығынан айыру орнынан босап шыққан тұлғалар;

      9-3) ауыр өмірлік жағдайға ұшыраған азаматтар, атап айтқанда өрт немесе табиғи апат;

      9-4) ) ауыр өмірлік жағдайға ұшыраған азаматтар, атап айтқанда ұзақ (1 айдан аса) ауру;

      9-5) 12 аптаға дейін жүктілігіне байланысты медициналық мекемеге дер кезінде есепке тұрған, жан басына шаққанда отбасының орташа табысы күнкөріс деңгейінен аспайтын жүкті әйелдер;

      9-6) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтамасыз етілген отбасылар;

      9-7) 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік балалар жәрдемақысын алатын аз қамтамасыз етілген отбасылар;

      9-8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік балалар жәрдемақысын алатын кәмелеттік жасқа толмаған, төрт және одан да көп балалары бар аз қамтамасыз етілген көп балалы аналар;

      9-9) жан басына шаққанда отбасының орташа табысы облыс бойынша белгіленген күнкөріс деңгейінен аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасылары;

      10) әлеуметтiк манызды аурулары бар азаматтар, атап айтқанда:

      10-1) онкология ауруларынан жапа шегуші тұлғалар;

      10-2) туберкулез ауруларынан жапа шегуші тұлғалар;

      10-3) иммундық тапшылық вирусы сырқатынан жапа шегуші тұлғалар.

      9. Табысын есептемей уәкілетті орган әлеуметтік көмекті көрсетеді:

      1) атаулы күндер мен мерекелік күндерге бір жолғы әлеуметтік көмек:

      1-1) Жеңіс күніне орай осы Қағиданың 8-тармақтың 1), 2), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген санаттарға уәкілетті мекемемен келісілген тізімі негізінде;

      1-2) Халықаралық әйелдер күніне орай осы Қағиданың 8-тармақтың 9-8) тармақшасында көрсетілген санаттарға уәкілетті органның тізімі негізінде;

      1-3) Халықаралық қарттар күніне орай осы Қағиданың 8-тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген санаттарға уәкілетті органның тізімі негізінде;

      1-4) Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне орай осы Қағиданың 8-тармақтың 7-1), 7-2), 7-3) тармақшаларында көрсетілген санаттарға уәкілетті мекемемен келісілген тізімі негізінде;

      2) бір жолғы әлеуметтік көмек:

      2-1) осы Қағиданың 8-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға мерзімді басылымдарға жазылу үшін 3 айлық есеп көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде өтініш бойынша;

      2-2) осы Қағиданың 8-тармақтың 7-5) тармақшасында көрсетілген санаттарға тұрғын үйіне пандус орнатудың нақты құны мөлшерінде екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші бойынша, осы Қағиданың 15-тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, мүгедек статусын растайтын құжаты негізінде;

      2-3) осы Қағиданың 8-тармақтың 7-4) тармақшасында көрсетілген санаттарға 5 АЕК мөлшерінде екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші бойынша, осы Қағиданың 15-тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, мүгедек статусын растайтын құжат, баланың туу туралы куәлігі негізінде;

      2-4) осы Қағиданың 8-тармақтың 9-2) тармақшасында көрсетілген санаттарға 5 АЕК мөлшерінде екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші бойынша, осы Қағиданың 15-тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, бас бостандығынан айыру орнынан босағаны туралы анықтама негізінде;

      2-5) осы Қағиданың 8-тармақтың 9-3) тармақшасында көрсетілген санаттарға 60 АЕК дейін оқиға болған күнінен бастап үш айдың ішінде жеке өтініш берсе (аудандық арнайы комиссияның шешімі бойынша);

      2-6) осы Қағиданың 8-тармақтың 10-1) тармақшасында көрсетілген санаттарға 10 АЕК мөлшерінде екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші бойынша, осы Қағиданың 15-тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, онкологиялық ауруын растайтын медициналық анықтама негізінде;

      2-7) осы Қағиданың 8-тармақтың 10-2) тармақшасында көрсетілген санаттарға 7 АЕК мөлшерінде, екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші бойынша, осы Қағиданың 15-тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, туберкулез ауруын растайтын медициналық анықтама негізінде;

      2-8) осы Қағиданың 8-тармақтың 10-3) тармақшасында көрсетілген санаттарға 7 АЕК мөлшерінде екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші бойынша, осы Қағиданың 15-тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, ауруын растайтын медициналық анықтама негізінде;

      2-9) осы Қағиданың 8-тармақтың 2), 3), 4), 5), 7-1), 7-2) тармақшаларында көрсетілген санаттарға тұрғын үйіне жөндеу және абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін 60 АЕК дейін (аудандық арнайы комиссияның шешімі бойынша);

      2-10) осы Қағиданың 8-тармақтың 7-1), 7-2), 7-3) тармақшаларында көрсетілген санаттарға 10 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші бойынша, осы Қағиданың 15-тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, мүгедектігін растайтын анықтама негізінде;

      3) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:

      3-1) тұрмыстық-коммуналдық қызметін өтеу үшін:

      3-2) осы Қағиданың 8-тармақтың 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген санаттарға 3,6 АЕК мөлшерінде екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші бойынша, осы Қағиданың 15-тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, статусын растайтын құжат негізінде;

      3-3) осы Қағиданың 8-тармақтың 7-1), 7-2), 7-3) тармақшаларында көрсетілген санаттарға 2 АЕК мөлшерінде екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші бойынша, осы Қағиданың 15-тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, статусын растайтын құжат негізінде;

      3-4) осы Қағиданың 8-тармақтың 2-2), 2-3) тармақшаларында көрсетілген санаттарға денсаулығын жақсарту үшін 2 АЕК мөлшерінде екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші бойынша, осы Қағиданың 15-тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, статусын растайтын құжат негізінде;

      4) ай сайынғы әлеуметтік көмек:

      4-1) осы Қағиданың 8-тармақтың 1), 3) тармақшаларында көрсетілген санаттарға дәрі-дәрмек алу үшін 1 АЕК мөлшерінде екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші бойынша, осы Қағиданың 15-тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, статусын растайтын құжат негізінде;

      4-2) осы Қағиданың 8-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға 5 АЕК мөлшерінде тұрмыстық-коммуналдық кызметін өтеу үшін екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші бойынша, осы Қағиданың 15-тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, статусын растайтын құжат негізінде;

      4-3) осы Қағиданың 8-тармақтың 10-2) тармақшасында көрсетілген санаттарға амбулаторлық емделу кезінде тамақтануға 6 АЕК мөлшерінде және жүріп-тұруына 1 АЕК мөлшерінде екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші бойынша, осы Қағиданың 15-тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, амбулаторлық емделуде деген медициналық анықтама негізінде;

      4-4) жүріп-тұру шығындарын өтеу:

      4-5) осы Қағиданың 8-тармақтың 10-1) тармақшасында көрсетілген санаттарға Павлодар облыстық онкология диспансеріне дейін және тұрақты жеріне дейін жол жүру билеттерінің нақты құны мөлшерінде екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші бойынша, осы Қағиданың 15-тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, емделуден, тексеруден өткені немесе кеңес алғаны туралы онколог-дәрігер берген анықтама, жүріп-тұрғанын растайтын құжаттар негізінде;

      4-6) осы Қағиданың 8-тармақтың 7-1) тармақшасында көрсетілген санаттарға ата-аналарының біріне немесе қамқоршысына нысаналы пунктке дейінгі және тұрақты тұратын жеріне кері қайтқандағы жол жүру билеттерінің нақты құны мөлшерінде әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші бойынша, осы Қағиданың 15-тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, мүгедек статусын растайтын құжаты, баланың туу туралы куәлігі, тексерілуге, немесе емделуге жолдама негізінде.

      10. Уәкілетті орган әлеуметтік көмекті табысын есептеп көрсетеді:

      1) бір жолғы әлеуметтік көмек:

      1-1) осы Қағиданың 8-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санаттарға оқыту нақты құны мөлшерінде, өтініші және білім беру қызметің көрсетудің үш жақты шарты негізінде;

      1-2) осы Қағиданың 8-тармақтың 9-1) тармақшасында көрсетілген санаттарға жерлеу рәсімдері үшін 15 АЕК мөлшерінде (аудандық арнайы комиссияның шешімі бойынша);

      1-3) осы Қағиданың 8-тармақтың 9-4) тармақшасында көрсетілген, жан басына шаққанда отбасының орташа табысы облыс бойынша белгіленген күнкөріс деңгейінен аспайтын санаттарға 15 АЕК мөлшерінде, екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші бойынша, осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген құжаттар, медициналық мекемесінін анықтамасы негізінде;

      1-4) осы Қағиданың 8-тармақтың 9-5) тармақшасында көрсетілген санаттарға 10 АЕК мөлшерінде, екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші бойынша, осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген құжаттар, медициналық мекеменің жүктілігіне байланысты есепке тұрғаны жөнінде анықтама негізінде;

      1-5) осы Қағиданың 8-тармақтың 9-6) тармақшасында көрсетілген санаттарға, алты айдан аса мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларына жеке шарушылығын дамыту үшін 100 АЕК дейін екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші бойынша, осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген құжаттар, сатып алу-сату шарты, малдын ветеринарлық паспорты негізінде;

      1-6) осы Қағиданың 8-тармақтың 9-9) тармақшасында көрсетілген санаттарға қатты отын алу үшін 10 АЕК мөлшерінде екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші бойынша, осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде;

      1-7) осы Қағиданың 8-тармақтың 9-9) тармақшасында көрсетілген санаттарға тұрғын үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 60 АЕК (аудандық арнайы комиссияның шешімі бойынша);

      2) ай сайынғы әлеуметтік көмек:

      2-1) осы Қағиданың 8-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санаттарға, оқу кезінде тұруына, тамақтануына және тұрған жеріне жүріп- тұруына 15235 (он бес мың екі жүз отыз бес) теңге мөлшерінде білім беру қызметің көрсетудің үш жақты шарты негізінде;

      2-2) Павлодар облысының тыс жерінде оқитын осы Қағиданың 8-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санаттарға 7200 (жеті мың екі жүз) теңге мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек;

      11. Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.

      12. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың ЖАО келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

      13. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      14. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      15. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

      3) ҮҚ бекітілген 1-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.

      16. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      17. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      18. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша ҮҚ бекітілген 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      19. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      20. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      21. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      22. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      23. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      23-1) Осы қағидалардың 19 және 20-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      24. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда - негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      25. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайда;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған жағдайда;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      26. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті
тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      27. Әлеуметтік көмек келесі жағдайларда тоқтатылады:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға қоныс аударған;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      28. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      29. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады